ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша қорытынды

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша қорытынды

ҚР Парламент Мәжілісінің тұрақты комитеттері заң жобасы бойынша оң қорытындыларын берді. Сарапшылар мен ғылыми қоғамдастық, Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі және басқа да мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуымен жұмыс тобының 10 отырысы өткізілді. Айтылғандардың негізінде Комитет осы заң жобасын бірінші оқылымда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі жалпы отырысының талқылауына енгізуге болады деп есептейді.

Заңнама және сот-құқықтық реформа комитеті «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын (бұдан әрі – заң жобасы) қарап шығып, қорытындылады.

Заң жобасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылға арналған Заң жобалау жұмыстары жоспарының 11-тармағына сәйкес әзірленді әрі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнаманы одан әрі жетілдіруге бағытталған және жүйелі түрде сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу жөніндегі нормаларды көздейді.

Заң жобасында мемлекеттік қызметшілер, оларға теңестірілген адамдар, олардың жұбайлары (зайыптары) шығыстарының аталған адамдардың кірістеріне сәйкестігін бақылау енгізіледі әрі фискалдық және мансаптық санкциялар белгіленеді. Мұндай санкциялар айтарлықтай алшақтықтар үшін ғана қолданылатын болады. Мәселен, егер шығыстар мен кірістер алшақтығының сомасы ең төмен есептік көрсеткіштің мың еселенген мөлшерінен асып кетсе, мемлекеттік қызметшіге алшақтық сомасының 90 пайызы мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынады. Егер де шығыстар мен кірістер алшақтығының сомасы мемлекеттік қызметшінің жылдық кірісінен асып кетсе, онда ол теріс себептер бойынша мемлекеттік қызметтен босатылуға жатады.

Бұл ретте әрбір жағдайда адамға шығыстарының заңдылығын негіздеу мүмкіндігі берілетін болады. Аталған жаңалықтарды халықты жалпыға бірдей декларациялаумен толық ауқымды қамтуды ескере отырып, 2027 жылдан бастап қолданысқа енгізу жоспарланып отыр, өйткені, 2025 жылы өз кірістерінің мөлшері туралы республиканың барлық азаматтары есеп беретін болады, ал 2026 жылдан бастап олардың шығыстарын кірістерімен салыстыру процесі басталады.

Түзетулердің екінші блогы сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлаған адамдарды қорғау жүйесін қалыптастыруға бағытталған. Сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлаған адамдарды қорғаудың кешенді жүйесін құру мақсатында:

1) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда жәрдем көрсеткен адам келісу комиссиясының ұсынымдарынсыз тәртіптік жауаптылыққа тартылмайды немесе лауазымынан босатылмайды немесе басқа лауазымға ауыстырылмайды деп бекіту;

2) адамның сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда жәрдем көрсеткені туралы ақпаратты жария еткені үшін қылмыстық жауаптылықты енгізе отырып, оны құпия ақпаратқа жатқызу;

3) құқықтық олқылықтарды жою және қылмыстық процеске қатысатын адамдарды қорғаудың қолданыстағы тетіктерін жетілдіру мақсатында қолданыстағы нормалардың кемшіліктерін болғызбайтын түзетулер кешенін енгізу ұсынылады.

Түзетулердің үшінші блогы құқық қолдану практикасында туындайтын құқықтық олқылықтар мен коллизияларды жоюға бағытталған. Атап айтқанда, мемлекеттік органдар мен ұйымдардың, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің өкімдік құжаттарға жатпайтын құжаттары (Басқарманың, Директорлар кеңесінің шешімдері, басшы, атқарушы алқалы органдар отырыстарының хаттамалары және басқалары) сыртқы талдауға жататын болады.

Бұдан басқа, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 189-бабының төртінші бөлігінде және 190-бабының төртінші бөлігінде көзделген, мемлекеттік қызметші немесе оған теңестірілген өзге де адам жасаған іс-әрекеттерді сыбайлас жемқорлық қылмыстар тізбесіне енгізу ұсынылады.

Бүгінгі таңда мұндай іс-әрекеттердің түрлері сыбайлас жемқорлық қылмыстарға жатқызылмаған және олар бойынша сыбайлас жемқорлық қылмыстар бойынша сияқты қылмыстық-құқықтық салдар (мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік секторда лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыру және шартты түрде мерзімінен бұрын босатуды қолдануға тыйым салу) туындамайды.

Тілекгүл ЕСДӘУЛЕТ
16.02.2022

Ұқсас жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ БҰЗЫЛМАУЫ ТИІС
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 26.11.2024 42
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 156
САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 61
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 193
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 56
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 189
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 156
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 302
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 301
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 520
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 473

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9175
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8573
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11801
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9571
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10781