«Қуантай» шаруа қожалығы ет өндіру ісін екпіндетіп келеді

«Қуантай» шаруа қожалығы ет өндіру ісін екпіндетіп келеді

Жер-Ана – Ұлы Жаратушының адамзатқа берген нығметтерінің бірі. Адамзаттың табиғатсыз күні жоқ екенін ескерсек, қасиетті қара жер – елдің байлығы, халықтың қазынасы. Тіршілік жаратылғалы бері адамзат жердің төсін еміп, оның байлығын пайдаланумен келеді. Еңбектенген адамды қара жер де құр тастаған емес. Ырзығын молынан беріп, адамды аштан өлтірмейді. Кейінгі жылдары халықтың жерді игеруге деген құлшынысы арта түсуде. Өйткені бұл жұмыс азық-түлік қауіпсіздігіне елеулі әсер ететін, халықты экологиялық таза өніммен қамтамасыз ету жолындағы маңызды мәселе болып отыр.

Қасиетті Жуалы ауданында да жерді игеру ісіне ден қойған шаруалардың қатары артып отыр. Бұл бір жағынан аграрлы аудан үшін аса бір таңсық шаруа емес. Осының есебінен аудандағы егістік алқаптарының көлемі ұлғайып, тиісінше, жемшөптің берік қорының қалыптасуына байланысты төрт түлік малдың да басы арта түсуде. Қазіргі таңда аудан шаруаларының бірі Қамбар ата төлін өсіруге күш салып жатса, енді бірі ірі қараның басын көбейтіп, ет өндірумен қатар, сүттің көлемін ұлғайту ісіне де ден қою үстінде. Ал ендігі бір шаруа Жуалының құт қойнауларындағы кең жайлауда ақтылы қой өргізуде. Бұл біле білгенге үлкен байлық. Табыстың көзі, еңбектің өзі.

Тірлігі алға басқан шаруа қожалықтар Боралдай ауылдық округінің орталығы Көлтоған ауылында да көптеп саналады. Ауылдық округтің жер жағдайы егін егіп, мал өсіруге өте қолайлы болғандықтан, таулы өңірдің тұрғындары негізінен мал шаруашылығымен айналысқанды жөн көреді. Ауылдағы тірлігі тындырымды шаруашылықтардың бірі – «Қуантай» шаруа қожалығы. 

«Қуантай» шаруа қожалығы ардагер ұстаз, Боралдай ауылдық округіндегі ардагерлер кеңесінің төрағасы Мақсатбек Байболовтың жетекшілігімен 2004 жылы құрылған. Алғашында жылқы шаруашылығымен жұмысын бастаған қожалық уақыт өте келе ет өндіру ісіне, ірі қара бордақылауға біржолата ауысты. 2011 жылдан бері мұнда ірі қара мал бордақыланып, етке тұрақты өткізіліп отырады.

Қазіргі таңда шаруашылыққа қарасты Боралдай өңіріндегі Үркімбай жайлауында 200-ге тарта аса ірі қара бағылуда. Оның біразы бұқалар болса, қалғаны –   қысыр сиырлар. Шаруашылықтың қысыр сиырларды ұстайтын себебі, олар сауылмайтын болғандықтан, тез оңалатын көрінеді. Малшылар тамыз айының соңына дейін жайлауда отырып, малды шөбі шүйгін, құнарлы жайылымда бағып, оңалтады. Жақсы семіргендері шетінен етке өткізіледі. Малды семіртудің тәсілдерін жақсы білетін шаруашылық мүшелері тамыздың соңына таман жаздай жайлауда болып, оңалған бұқаларды бордақылауға қояды. Етке өткізілетін бұқалардың салмағын арттыру үшін кемінде алты айдай уақыт бордақылауда тұрады. Ол үшін ауылдағы өз үйлерінің ауласынан шағын бордақылау алаңы ашылған. Екі сарайға бір мезгілде 60-70 бастан ірі қара бордақылауға мүмкіндік бар. 

 Мал ұстау, оның ішінде бордақы малға күтім жасау шаруа адамынан ұзақ уақытпен қоса қажырлы еңбекті де талап ететіні белгілі. Бірақ еңбектің, маңдай тердің өтеуі бар, еңбектен түсетін табыс та қомақты. Ол үшін жұмыстың көзін тауып, тек қана еңбектенуің қажет. Мұндай жүйелі тірлік пен адал еңбекті біз «Қуантай» шаруа қожалығынан анық байқағандаймыз. Шаруашылық ет өндірісін молайту бағытында құрылғандықтан, мұнда жылына бірнеше мың тонна экологиялық таза ет өндіріліп, тиісінше, көбінесе көршілес Түркістан облысының Сайрам ауданындағы Ақсукент, Манкент, Қарабұлақ ауылдарындағы мал сою алаңдарына тиімді бағамен өткізілуде. Атап айтқанда, биыл шаруашылық ірі қара етінің әр келісін 2 200 теңгеден өткізген. 

Шаруашылық мүшелері ендігі кезекте ірі қара етін мемлекеттік тәсілмен өткізуге күш салуда. Ол үшін облысымыздың орталығы Тараз қаласынан арнайы ет дүкенін ашуды жоспарлауда. Ондағы мақсат – қала тұрғындарын ірі қара етімен қолжетімді бағада қамтамасыз ету арқылы мемлекет тарапынан субсидия алу. Ол үшін шаруашылық бордақыға қойылатын ірі қараның тұқымын асылдандыруды, сонымен бірге малдың басын көбейтуді қолға алды. Шаруашылықты кеңейту мақсатында «Қуантайлықтар» ауылдағы бұрынғы колхоздан қалған МТМ, гараж, қоймалардың ескі ғимараттарын сатып алып, шаруашылықты кеңейтуді көздеуде. Мұнда жемшөп сақтауға, сиырларды төлдетуге, бұзауларға күтім жасауға, басқа да шаруашылық жұмыстарын атқаруға мүмкіндіктер мол. Бұл аумақтан асылтұқымды шаруашылық ашуға ниет еткен олар болашақтағы жоспарларымен де бөлісті.

Мал азығын дайындау мал ұстаған қай шаруашылық үшін де маңызды жұмыс екені белгілі. Әсіресе жыл он екі ай байлауда тұратын бордақы малдарына көп мөлшерде жемшөп  қажет. Мысалы, жылына 50-60 бас бұқаны байлап, семірту үшін жылына шамамен 40 тоннадай арпа және 12 тонна бидай керек. Оның сыртында байлау малдарды құнарлы шөппен азықтандырмаса тағы да болмайды. Жемшөп мәселесі «Қуантай» шаруа қожалығында оң шешілген. Бұл мақсатта шаруашылықтың 40 гектар егістік жеріне күздік бидай, арпа, мақсары, тиісінше, 40 гектардың елеулі бөлігіне жоңышқа егіледі. Жыл сайын үй маңындағы шөпханаға 6 000 дана тайланған шөп жиналады. 

Біз шаруашылықта болған күні шаруашылық мүшелерінің шөп жинау науқанына куә болдық. Шаруашылық шөп жинауды жақында ғана бастағандарын айтады. Тиісінше, түсім де жаман емес. Шөп жинау жұмысының басында шаруашылық басшысы Мақсатбек ағаның ұлы Қуантайдың өзі жүр. Ол алқап басындағы орылып, тайланған шөптерді өзінің жүк көлігімен осында тасымалдауда. Оған, әрине, ауылдағы көрші-қолаңның балалары жәрдем беруде.

Әзірше шаруашылықта «ГАЗ-53» маркалы жүк көлігінен басқа техника жоқтың қасы. Олар алдағы уақытта лизинг жүйесімен «Беларус» тракторын сатып алуға әрекет жасап жатқан көрінеді.

Бір сөзбен айтқанда, «Қуантай» шаруа қожалығының аграрлық саланы дамытудағы жұмысы қарқынды. Тиісінше, жүйелі жұмыс болған соң, шаруашылықтың малдары да қоңды. Мал басын асылдандырып, ірі қара етінің өндірісін молайтуды көздеп отырған агроқұрылымда атқарылып жатқан жұмыстардың бір парасы осындай. Ет өндірісін елеулі биікке көтеру ісінде аталған шаруашылықтың өзіндік орны бар екенін де қоса жеткізгіміз келеді.

 

Жасұлан СЕЙІЛХАН, Жамбыл облысы
07.07.2022

Ұқсас жаңалықтар

САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 37
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 67
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 32
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 68
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 24
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 57
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 177
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 181
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 398
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 361
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 979

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9056
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8452
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11680
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9443
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10660