Құдияр Біләл: «ЖАЗУШЫ ОППОЗИЦИЯДА БОЛМАУЫ КЕРЕК»

Құдияр Біләл:  «ЖАЗУШЫ ОППОЗИЦИЯДА БОЛМАУЫ КЕРЕК»

Кешегі күн Жазушылар одағының кезекті құрылтайы дүрілдеп өтті. Дүрілдеп дегенді сөздің ыңғайына қарай айттық. Болмаса ең мамыражай қалыпта өткен құрылтай осы болды. Осы шараға орай әлеуметтік желі қызуы біраз көтеріліп еді, алайда тез басылды. Белсенділік танытқан жігіттер де үнсіз қалды. Сөз алған шешендер де кәжің-күжің әңгімеден ары аспады. Ашуға мінгендей көрінген бір-екі әріптесіміз де әдептен озбады.

Үзіліс кезі. Өзіммен өзім оқшау тұрған менің қасыма бір қарындасымыз өзімсіне келіп, сөз бастады. Оның кім екенін бажайлағанымша ол: «Мына құрылтай түк те көңілімнен шыққан жоқ. Неге үнсіз отырсыздар? Ұлт басына төнген қасіретті сіздер айтпағанда кім айтады? Өңшең оты өшкен шал-шауқандар... Жұлқынып тұрған жастар да көрінбейді... Сіздерге не болған?!» – деп, сауалды оқша жаудырды. 

Жүзіне сүйсіне қарадым. Оттай жанып тұрған қазақтың қара домалақ қызы. Шырамытайын дедім. Фейсбукта сөз таластырып жүретін Гүлнар Ізтаева екен. Алғаш рет жүздесуім. Сөзі мірдің оғындай. Ол: «Осылай үнсіз қала берсеңіздер, елдіктен айырыламыз ғой!» – деді. Мен: «Өздеріңдей қыздарымыз барда өлмеспіз», – деп қойдым. Сосын іле: «Мынау жүрген ақын-жазушылардың бәрі сенен өткен патриот, сенен өткен отаншыл, сенен өткен оппозиционер», – дедім. Ол менің бетіме аңтарыла қарады. Мен: «Бұлардың бәрі өздерін құрбандыққа шалған адамдар. Шынтуайтына келгенде, тәуелсіздікті сақтап қалған осылар», – дедім. Гүлнар қарындасым менің аузымды бағып үнсіз тұр. Өңінде таңданыс бар. Менің ақын-жазушыларды өзімше қорғай бастағаным қызық көрінетін тәрізді.

– Өзің білесің, КСРО билігі ақын-жазушылар әлеуетін тиімді пайдаланды, – дедім де, әңгімені одан әрі былайша өрбіттім:

– Бұрын қай ақын-жазушы да өз оқырмандарын қалыптастырған бір-бір тұлға еді. Олардың қаржылық мүмкіндіктері де жақсы болатын. Ол кезде сананы тұрмыс билемейтін. Билік соған мүмкіндік жасады. Соған орай ақын-жазушылар да мемлекет идеологиясына қызмет етті. Ал ол қызметтің еш сөкеттігі жоқ. Себебі өз елі, өз Отаны. Өзімізге келейік. Тәуелсіздік таңы атты. Құндылықтар алмасты. Ұлттық байлық талан-таражға түсті. Қалам иелері шөміштен қағылды. Қағылып қана қойған жоқ, олардың өздерін де, жазған-сызғандарын да жоққа шығару билік тарапынан саналы түрде жүргізіле бастады. Бір сөзбен айтқанда, ел сөзін айтар тұлғалар «қоңыз теріп» кетті. Қалғаны билікке жағымпазданып күн көрді. Әлі де солай. Сырт көзге солай. Шынтуайтына келгенде, әр ақын-жазушы өз жарылар кезін күткен жанартауға айналды. Солай бола тұра олар неге жарылмайды? Себебі, олар үшін тәуелсіздіктен қымбат ешнәрсе жоқ. Олар билік басында кімдердің отырғанын да біледі. Олардың ел басына күн туса қашып кететінін де біледі. Ал енді сондай сенімсіз билігі бар, бойын енді тіктеп келе жатқан жас мемлекетке қарсы наразылықтар туғызу бізге опа бере ме? Тәуелсіздігімізден бір-ақ күнде айырылып қалмаймыз ба?

Гүлнарға көзімнің астынан барлай қарап қойдым. Байқаймын, қарсы уәж айтқысы бар. Ол уәжді өзім айттым.

– Біз кешегі күнге дейін осы оймен келдік. Енді бұрынғыша өмір сүруге болмайды. Ақын-жазушылар үнсіздігінен қазақ халқы қаншама ұлттық құндылықтарынан айырылып қалды. Билік те басқа бағытқа бұрылып кетті. Ендігі үнсіздік – тәуелсіздіктен айырылу.

Гүлнардың бетіне қан жүгіре бастады. 

– Бірақ, – дедім мен, – осы уақыт аралығында біздің бірқатар ақын-жазушыларымыз өзді-өзін жоғалтып алды. Бүгінгі тілмен айтсақ, билік оларды сындырды. Солай бола тұра билік басындағы шынайы мемлекетшіл тұлғалар ақын-жазушылардың ұлттық идеология үшін қажеттілігін сезіне бастады. Сонымен қатар олар шыдамдылығының соңғы шекке таянғанын да түйсінді. Әрине, бәрі емес. Ең бастысы, сол түйсінгендер басында Президентіміз тұр. Жазушылар одағының су жаңа төрағасы Мереке ағамыз соны айтты. Біздің үнсіз қалғанымыз сондықтан.

Гүлнардың алабұртқан көңілін орнықтыру үшін «Мен қазақ халқының жарқын болашағына сенемін. Біз әлі әлемді билейміз!» – деп қойдым. Ол: «Мен де сенемін!» – деді. Гүлнардың көзі жасаурап тұрды...

18.05.2023

Ұқсас жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ БҰЗЫЛМАУЫ ТИІС
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 26.11.2024 84
Таласқа ешкімнің таласы жоқ
Serik Salemov, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары - 26.11.2024 89
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 190
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 190
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 328
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 331
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 553
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 500

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9201
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8598
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11825
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9595
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10808