Құқық қорғаушылардың мерейі

Құқық қорғаушылардың мерейі

Ата заңымыздың 26 жылдығына орай 26 тамыз күні Орал қалалық әкімдігінде салтанатты жиын өтіп, құқық қорғау органы қызметкерлері қала әкімінің алғыс хаттарымен марапатталды.

– 1995 жылғы жалпы халықтық референдумда қабылданған Ата Заңымыз тәуелсіздік алғаннан кейінгі халықтың маңызды таңдауы болды. Осыдан 26 жыл бұрын даму мен өркендеудің даңғыл жолы айқындалды. Негізгі заңымыз әлеуметтік-экономикалық дамудың өзегі, бірлік пен ынтымақтастықтың бұлжымас бағдары, кемел келешектің кепілі болды. Мемлекет саясатының нәтижесінде Қазақстан Республикасы Конституциясының әлеуеті Отанымыздың жоғары экономикалық дамуы мен халқымыздың әл-ауқатының артуына толықтай бағыт алып отыр. Еліміз егемендік алған кезден Қазақстанның кең-байтақ жерін мекендеген ұлттар мен ұлыстар қоян-қолтық еңбек етіп, бейбіт ғұмыр кешуде. Ең бастысы ұлтаралық келісім, достық пен татулықтың арқасында елімізде саяси тұрақтылық сақталуда. Осы мақсатта атқарылып жатқан көптеген игі істер соның айқын дәлелі, – деген шаһар басшысы Абат Абайұлы Конституцияның әр тармағы әр қазақстандықтың алдындағы арман-мақсаттарының орындалуына мүмкіндік беретін басты құжат екенін атады.

Салтанатты жиында қала әкімінің Алғыс хатына Орал қаласы №2 сот кеңсесінің мамандары Д.Чикеев, Ф.Танатова, Ж.Ғалымжанова, А.Дүйсенова, С.Дүйсенғалиева, М.Бекқалиева, Орал қаласы прокуратурасының прокурорлары Д.Ізтілеуова, Т.Есенғалиева, Н.Жорабеков, О.Әбдірәсіл, Е.Мизам және Орал қаласы полиция басқармасының кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі аға инспекторы М.Құспанова, Орал қаласы Полиция басқармасының жергілікті полиция қызметінің аға инспекторы А.Көшкінова, Орал қаласы полиция басқармасының жергілікті полиция қызметінің учаскелік полиция инспекторы А.Мұхаметияров, Орал қалалық әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімінің бас инспекторы Ә.Мыңжасаров ие болды.

Мерекелік жиын «Жастар» мәдениет үйі өнерпаздарының мерекелік ән шашуымен тәмамдалды.

02.09.2021

Ұқсас жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ БҰЗЫЛМАУЫ ТИІС
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 26.11.2024 73
Таласқа ешкімнің таласы жоқ
Serik Salemov, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары - 26.11.2024 74
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 179
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 179
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 319
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 321
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 542
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 490

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9194
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8592
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11820
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9589
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10803