Халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру – қоғамның дамуының алғышарттарының бірі. Дамыған мемлекеттерде құқықтық саясаттың өркендегені соншалық – әр адам өз құқын қорғауға бейім тұрады. Демек құқықтық саясат іске аса бастағанда қоғамның дамуына кедергі келтіретін жемқорлық т.б. жағымсыз әрекеттер сап тыйылмақ. Себебі бәрі заң шеңберінде қаралады. Құқық қорғау саясаты құқық қорғау жүйесін құруға, адам құқықтарының тиімді жүйесін құруға негізделген. Құқықтық саясаттың міндеттеріне сәйкес мемлекет азаматтардың құқықтық сауаттылығы мен құқықтық санасын арттыруға жағдай жасайды, олардың құқықтарын, заңмен қорғалатын мүдделерін жүзеге асыру мен қорғаудың жолдары мен шектерін білуді қамтамасыз етеді. Қазақстандағы құқықтық мәдениетті арттыру жөніндегі мемлекеттік саясаттың тұжырымдамасы азаматтардың құқықтық сауаттылығы мен құқықтық санасын іске асыруға, халықтың құқықтық мәдениетінің жоғары деңгейін қалыптастыруға, заңды, тәртіп пен сотты құрметтеуге, оң әлеуметтік мінез-құлық үлгісі, сонымен қатар құқықтық нигилизмді жоюға бағытталған.
Құқықтық мемлекет принциптерінің нығаюы, азаматтық қоғамның қалыптасуы және азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарының жүзеге асуы олардың құқықтық мәдениетінің жағдайына, құқықтық сана деңгейіне тікелей байланысты. Осыған сәйкес, азаматтарды құқықтық тәрбиелеу құқықтық тәрбие жүйесіне қатысушылардың барлығының жұмысындағы басым бағыттардың бірі болуы керек.
Тәуелсіз мемлекеттің дамуы, мемлекеттік басқару жүйесінің қызметі, экономика- ны және азаматтық қоғам институттарын дамыту, халықаралық ынтымақтастық үшін жаңа құқықтық негіз қалыптастырылды. Құқықтық саясаттың негізгі қорытындылары ұлттық заңнаманың негізгі салаларын елеулі түрде жаңартуы болды. Басқа елдерде этносаралық және конфессияаралық негізде сілкіністер болып жатқанда Қазақстан өз халқы үшін ішкі саяси тұрақтылықты қамтамасыз етті. Қазақстан халқы Ассамблеясын құрып, халықтар арасындағы достықты және олардың дамуын нығайтты. Реформалар жүргізу үшін қажетті заңнамалық база құрылды, құқықтық мемлекет құру және құқық үстемдігін орнату жөніндегі конституциялық қағидаттар белгіленді. Бұл ретте, қазақстандық құқықтық жүйе үздік халықаралық стандарттарға, қоғамдық даму қажеттіліктеріне бағдарлана отырып, дәйекті дамып келеді, өзекті жаһандық міндеттерге бейімделеді.
1995 жылы мемлекеттіліктің саяси, экономикалық, мәдени және құқықтық негіздерін бекіткен Қазақстан Республикасының Конституциясы қабылданды. Конституция мемлекет пен қоғамның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізіне айналды. Ата Заңға сәйкес тиімді демократиялық институттар – президенттік басқару нысаны, қос палаталы Парламент, есеп беретін Үкімет, тәуелсіз сот жүйесі және белсенді азаматтық қоғам қалыптасты. Бұл туралы заң ғылымдарының кандидаты Қазыбек Дауталиев «Халықтың құқықтық мәдениеті қалыптасты деп айта аламыз ба?» деген журналист сауалына бер- ген сұхбатында айтып өтіпті. (https://arasha.kz/). – «Құқықтық мәдениетті қалыптастырып, бір сәтте аяқтап тастайтын дүние емес. Бұл үздіксіз, үзіліссіз, әрдайым дамып отыратын қоғамдық құбылыс. Сондықтан құқықтық мәдениеттің межесі мынадай деп нақты айта алмаймыз. Заң ғылымы категория ретінде үш түрлі элементтің жиынтығынан құралады. Біріншісі – құқықтық сана. Екіншісі – құқықтық идея. Үшіншісі – құқықтық мәдениет. Біз осы үш ұғым тұрғысынан қарасақ, құқықтық мәдениетке жалпылама баға беруге болады.Құқықтық сананың өзі кемінде екі топқа бөлінеді. Біреуі – кәсіби емес құқықтық сана. Ол қоғамдағы қарапайым адамдардың құқық туралы пайымдары мен түсініктері. Екіншісі – кәсіби құқықтық сана дейміз. Оған прокуратура, сот, тергеуші, нотариус, адвокат сияқты кәсіби деңгейде меңгерген құқықтық сана иелері жатады. Қазақстанда ең белең алып отырған ауруымыз – жемқорлық. Осының кесірінен елдің да- муы да тежеліп жатыр. Бюджеттен бөлінген ақша мақсатты жеріне жетпейді. Жемқорлық – мемлекеттік қызмет аясында туындайтын дүние. Бұған көз жұмып, немқұрайлы қа- райтын адамдар бар. Осының салдарынан сыбайлас жемқорлық туындайды. Қазір бізде жемқорлық дендеп тұрса, кәсіби деңгейдегі құқықтық санамыз әлі күнге тиісті мәдениет деңгейіне көтерілмеген деген сөз. Құқықты әркім әрқалай түсінеді. Мәселен, еуропалық қоғамда ешқандай азамат заңды жатқа біл- мейді, бірақ олар заң қалай болу керек екені туралы өздері болжай алады. Шын мәнінде, 80-90 пайыз заң сондай болып шығады. Яғни қарапайым азаматтардың заң осын- дай болуы керек деген түсінігі дұрыс болып шықса, құқықтық мәдениет қалыптасқан деп айтуға негіз бар. Өкінішке қарай, біздің елде заңдарымыз туралы халықтың болжамы сәйкес келмей жатады. Тіпті, сәйкес келгеннің өзінде заңның іске асуында үлкен қателіктерге жол беріп жатады. Жалпы айтқан кезде бізде заң жаман емес, жақсы. Азаматтардың құқықтары мен бо- стандығын, заңдық мүдделерін қорғайтын нормаларды бекітіп, орнықтырады. Алайда соларды іске асыру, қолдану, пайдалану барысында түрлі кедергілерге, шектеулерге, бюрократиялық белден басуларға жолығып жата- ды. Сондықтан амал жоқтықтан өз мәселелерін шешу үшін пара беруге барады. Бұл жағдай енді заңның кемшілігінен деп айта алмаймыз. Құқықтық идея де- геніміз – теңдік идеясы. Екіншісі – бостандық қағидасы. Үшіншісі – әділеттілік. Теңдік мәселесіне қазір көбірек назар аударылып отыр. 30 жыл уақыт ішінде Қазақстандағы азаматтар бәрі бірдей теңдей мүмкіндікке ие болған жоқ. «Жаңа Қазақстандағы» мақсат та сол. Әділетті Қазақстан құру. Осы тұрғыдан келгенде, ілгерілеу бар. Үшіншісі – құқықтық саясат. Бұл мемлекеттің құқық туралы жүргізіп отырған саясаты. Алдағы 50-100 жылда елдің дамуын қандай құқықтық саясатпен реттейміз деген мақсат-міндеттен туындайды. Мұны жүргізу үшін бізде құқықтық саясат тұжырымдамасы қабылданады. Соңғы тұжырымдамамыз 2022-2032 жылға арналған. Бұл тұжырымдамада да осындай авторлық құқықты, интеллектуалдық өнімдерді қорғауға байланысты стандартты қабылдау керек деген сияқты басымдықтар берілген. 2022 жылы 5 маусымда референдум өткізіп, Конституциямызға өзгерістер енгіздік» депті. Бұдан асырып не демекпіз?
АЯУЛЫМ ДИЛДАБАЙ