Сіздерді 1 қазан — Халықаралық қарттар күні мерекесімен құттықтаймын!
Өңіріміздің ақсақалдары – елдік пен өнегелі өмір тәжірибесінің қайнар көзі. Қариялар елді береке-бірлікке, ырыс-ынтымаққа жұмылдыра білген. Халқымыздың «Ауылыңда қартың болса, жазылып қойған хатпен тең», «Қариясы бар елдің – қазынасы бар» деген сөздерінің мәнісі де тереңде. Осы айтулы мерекеге орай елдің тыныштығы мен бірлігін арттырып, ауданның экономикалық дамуына үлес қосып, бүгінде бейнеттің зейнетін көріп отырған қарияларға амандасып, құттықтап шықтым.
Ауданымызда соғыстың соңғы екі солдаты бар.
Соның бірі —Қабыл ақсақал. Ақсақал әлі тың, сөзі тиянақты, ойы кесек. Арнайы құттықтап, мерекелік төсбелгіні тағып, амандығын тіледім.
Сонымен бірге, қоғамдық кеңес төрағасы Шынайдар Ералиев ағамыз да ұзақ уақыт науқастанып, үйде ем алып жатыр, ол кісіні де арнайы құттықтап шықтым.
Ауданның дамуына үлес қосып қана қоймай, бүгінде ел ағасы, анасына айналған қариялардың үйіне арнайы бардым.
Барлық ауылдық округ әкімдері қарияларды қамтып, құттықтауда.
Қазыналы қариялар!
Баршаңызға мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыларыңызға бақ- береке тілеймін!
Мерекелеріңіз құтты болсын!