ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТТАР ТАҚТАСЫ АШЫЛДЫ

 ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТТАР ТАҚТАСЫ АШЫЛДЫ

 

Өткен бейсенбі күні аудан орталығындағы А. Суханбаев атындағы орталық саябақтан «Байзақ ауданының Құрметті азаматтары» тақтасы ашылды. Оның ашылуында аудан әкімі Б.Қазанбасов сөз сөйледі.

- Осы тақтаны орнату туралы көптен ойымызда жүр еді. Аудан ардагерлері сұраныста жасаған. Енді міне демеушілер есебінен соғылған тақтаның ашылуына келіп тұрмыз. Мұнда осы өңірдің өсіп-өркендеуі мен әлеуметтік дамуына елеулі үлес қосып, ел-жұрттың ықыласына бөленген ауданымыздың Құрметті азаматтарының есімдері жазылған. Демек, бұл тақта талай айтулы азаматтардың жарқын істерін жаңғыртып тұратын болады,-деді аудан басшысы Бақыт Алпысбайұлы.
Аудандық ардагерлер, келісім кеңесінің төрағалары Серік Ермеков пен Қыдыралы Оралов та өз тілектерін жеткізіп, ардагерлер сұранысына орай аталған тақтаны орнатқандары үшін аудан басшыларына алғыстарын айтты.
Барлығы 136 ауданның Құрметті азаматтарының есімдері жазылған тақтаның жамылғысын аудан әкімі Б. Қазанбасов, аудандық мәслихаттың хатшысы Б.Ақбаев, аудандық ардагерлер, қоғамдық кеңестерінің төрағалары С. Ермеков, Ж. Құмғанбаевтар ашты.
Аталған тақта аудан басшыларының ауданымыздың Құрметті азаматтарына жасаған құрметтері деп түсінгеніміз абзал болар.

 

 

Сүндетулла АБЫЛАШҰЛЫ
20.12.2022

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 5299
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 5459
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 20424
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 19058
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 22515