Сіздерді «Qazaqstan dauiri» газетінің 30 жылдық және «Мөлдір бұлақ» журналының 20 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтаймын. Халықаралық «Qazaqstan dauiri» газеті – түркі халықтары арасында алтын көпірге айналып, ел ішіндегі ынтымақ-бірліктің нығаюына ықпал етіп отырған іргелі басылым. 30 жыл бойы халықаралық мәртебесі бар қоғамдық-саяси газет елге, Отанға қызмет етудің жарқын үлгісін көрсетіп келе жатыр. Қалың оқырман үшін сонысымен құнды.
Республикалық «Мөлдір бұлақ» балалар журналы – еліміздің түкпір-түкпіріндегі бүлдіршіндердің таным көкжиегін кеңейтіп, зейінін ашуда өлшеусіз үлес қосып келе жатқан басылым. 20 жылдың ішінде ұл-қызымыздың қолынан тастамай оқитын сүйікті журналына айналды.
Осы мерейлі күні Сіздерге ерекше ілтипатымды білдіре отырып, зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, бақ-береке тілеймін. Қазақ баспасөзі тарихында өзіндік орны бар қос басылымның оқырманы көбейе берін!