Сіздерді халықаралық «Qazaqstan dauiri»саяси-қоғамдық, танымдық газетінің 30 жылдық және республикалық «Мөлдір бұлақ» журналының 20 жылдық мерейтойымен құттықтаймын! Бұл екі басылым үшін де аса маңызды кезең болып саналары сөзсіз. Өйткені, осы жылдар белесінде басылымдар көптеген асулардан асып, белестерді бағындыра білді.
Ұлт мүддесін алғашқы шепке қойған халықаралық басылымда бүгінде әлемдегі және еліміздегі оң өзгерістер, өзекті жайттар жан-жақты жарияланып келеді. Сол секілді балалардың рухани серігі саналатын «Мөлдір бұлақ» журналында тағылымды, танымды дүниелер, жас зиялылардың көкейіндегі алуан тақырыптағы материалдар үздіксіз жарық көруде.
Сәуле Мешітбайқызы бастаған газет ұжымы қос тарапты да тыңдап, сұхбаттар ұйымдастырып, халық пен билікті жақындата түсті. Еланасының бұл жоғары қарым-қабілеті мен білім-біліктілігі қос ұжымды әлі көптеген биік белестерге бастайды деп сенемін. Өткені өнегелі басылымдардың болашағы баянды болып, ақпарат айдынындағы орындары айшықтала беруіне ниеттеспін! Барлық ұжым мүшелеріне бақ-береке, аманшылық, шығармашылық табыс тілеймін!