Құрметті «Qazaqstan dauiri» серіктестігінің ұжымы!

Құрметті «Qazaqstan dauiri»   серіктестігінің ұжымы!

Биыл 150 жыл толған Ахмет Байтұрсынұлы «Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі» деп текке айтпаса керек. Бұл сөз бүгін де құндылығын жойған жоқ, келешекте де мәнін жоғалтпайтынына нық сенімдіміз. Үдеден шығып жүрген санаулы басылымның ішінде сіздердің «Qazaqstan dauiri» мен «Мөлдір бұлақ» та бар. Бірі ел мен елді байланыстырып, Ұлы Дала мен Қара теңіз арасына алтын көпір орнатса, енді бірі балдырғандардың ең сенімді серігіне айналған. 

«Qazaqstan dauiri» газеті – халықаралық аренада үлкен беделге ие басылымдардың бірі. Мұнда жарық көрген әрбір мақаланың өзіндік салмағы бар. Әлемдегі және еліміздегі ең маңызды ақпараттар топтамасы, сараптамалар, талдаулар, түрлі журналистік зерттеулер үлкен аудитория қалыптастырып, аз жылда абырой биігіне көтеріліп үлгерді.

Аталмыш ЖШС басшылығын, газет пен журнал ұжымын мерейлі күнмен құттықтап, әр тілшіге шығармашылық табыс тілеймін! Қаламдарыңыз жүйрік болсын! Отбасынан шаттық кетпесін! Қос басылымның қуанышы ортаймасын!

Қонаевтай жаңа облыс орталығымен, тұтас Алматы облысымен әріптестік байланыс әрі қарай жалғасады деген сенімдемін. 

 

Марат Сұлтанғазиев, Алматы облысының әкімі
22.09.2022

Ұқсас жаңалықтар

АҚТӨБЕДЕ – АУЫЛДЫҢ ЖҮГІ, «AQTOBE»-ДЕ  – ДӘУІРДІҢ ҮНІ
Дәулетбек БАЙТҰРСЫНҰЛЫ, «Мөлдір бұлақ» журналының бас редакторы - 22.10.2025 556
Теріскейдегі жылы жүздесулер
Нұрсайын Шәріп - 16.10.2025 745
Қамбасы дәнге толған Ақмола
Д. ШӨКШІР, Ақмола облысы - 16.10.2025 727

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 19449
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 19292
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 34429
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 32988
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 36800