Еліміздің өз Тәуелсіздігін алып, азаттық таңының атуымен қатар бауырлас түрік жұртымен көп ғасырлардан кейін достық рәуіште қайта қауышқан жылдардың куәсі болып өмірге келген «Қазақстан-ZAMAN» газетінің, бүгінгі таңдағы халықаралық, қоғамдық-саяси «Qazaqstan dauiri» үнпарағының 30 жылдық және оның сенімді серігі, рухани інісі «Мөлдір бұлақ» журналының 20 жылдық мерейтойымен шығармашылық ұжымды шын жүректен құттықтаймын!
Ауылдың қайта түлеуін жақтаған ойлы мақалаларыңыз бізге әрқашан ой тастайды. «Мөлдір бұлақ» журналы да Есіл өңірі жеткіншектерінің елін сүйетін ерлер болып тәрбиеленуіне өзінің қомақты үлесін қосып келеді. Еңбектеріңіз еселеніп, сүйікті Отанымыздың өмірдің барлық саласында, әсіресе руханият пен мәдениет ісінде еркін дами беруіне үлестеріңізді қоса берулеріңізді тілеймін. Қаламдарыңыз қуатты, денсаулықтарыңыз мықты, жазарларыңыз мол, көңілдеріңіз әрқашан көл болсын.