ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫ БАҚЫЛАУДА

ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫ БАҚЫЛАУДА
Жамбыл облысы әкімдігінің мемлекеттік сәулет, құрылыс басқармасының басшысы Қайрат Бисембаев Сарысу ауданына жұмыс сапарымен келіп, аудандағы құрылыс жұмыстары жүріп жатқан нысандарды зерделеді.
Атап айтқанда, Тоғызкент, Саудакент ауылдарындағы ауыз сумен қамтамасыз ету жүйесін қайта жаңғырту, Өндіріс ауылындағы орта мектепті күрделі жөндеу жұмыстарын, Маятас ауылындағы 50 орындық жаңа мектептің құрылысы, Жаңатас қаласындағы қалалық қазандықты газдандыру құрылыс жұмыстары және Жаңатас қаласындағы Абай орта мектебінің күрделі жөндеу жұмыстарын көріп шықты.
Бұдан кейін аудан әкімдігінде аудан аумағында жүргізілетін құрылыс, қайта құру және күрделі жөндеу нысандардың беріктігін, қауіпсіздігін және сапасын қамтамасыз ету мақсатында проблемалық мәселелерді шешу жолдарын қарастыру туралы жиын өтті.
Жиынды аудан әкімінің орынбасары Ерлан Ермағанбетов ашып, жүргізді.
Жиынға тиісті мекеме, бөлім басшылары, қала және ауылдық округ әкімдері, құрылыс нысандарының әкімшілері қатысты.
Өз сөзінде басқарма басшысы құрылыс жұмыстары барысындағы жұмысшылардың қауіпсіздігі, құрылыс алаңы мен іргелес аймақтардағы санитарлық тазалықтың қамтамасыз етілуі, кез-келген құрылыс жұмыстары басталғанға дейін құрылыс алаңы мен қауіпті аймақтардың қоршалуы сияқты қауіпсіздік шараларымен қатар, құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасыз орындалуының алдын алу мақсатында құрылысқа қажетті материалдардың дұрыс сақталуына, құрылыс материалдары сапасының жоғалуына жол бермейтін шаралар қолдануға баса назар аудару керектігіне тоқталды.
Материалдарды, бұйымдарды, құрылымдар мен жабдықтарды қоймалауды және сақтауды нормативтік, техникалық құжаттардың талаптарына сәйкес жүзеге асыру қажеттігін,
жалпы, ауданда жүргізілетін әрбір құрылыс, күрделі жөндеу жұмыстары, олардың сапасы, беріктігі, қауіпсіздігі қатаң бақылауда болу керектігін айтты.
Құрылыс жұмыстары барысында ешқандай кемшіліктердің орын алмауын қадағалауды тапсырды.
Жиынға қатысушылар өзара пікір алмасты, құрылыс жұмыстары барысында туындайтын мәселелер туралы сұрақтар қойылып, тиісті жауаптар берілді
Сарысу аудан әкімдігі баспасөз қызметі
18.07.2024

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 127
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 126
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 642
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 760
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 672
Аспан таулар етегіндегі  еңбекқор жандар
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ, Асым СУЛАЙМАНОВ, Алматы облысы - 13.11.2024 685

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8819
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8218
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11445
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9200
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10429