ҚҰТТЫ КӘСІП

ҚҰТТЫ КӘСІП

Жуырда облыс әкімі Нұржан Нұржігітовтің төрағалығымен аймақтың 2025 жылға дейінгі даму жоспары қаралып, онда жеке инвестициялық, бюджеттік және халықты жұмыспен қамту жобаларына айрықша назар аударылған еді.
Алқа мәжілісінде сөз алған облыс әкімінің бірінші орынбасары Нұржан Календеров өңіріміздің даму жоспарының жобасы туралы жан-жақты баяндай келе:
– Бұл жобалардың негізгі мақсаты – әрбір елді мекен бөлінісінде жұмыспен қамтуды көздейтін бюджеттік және бюджеттен тыс инвестициялық және инфрақұрылымдық жобаларды іске асыра отырып, ауыл халқының табысын арттыру, тұрмыс жағдайын жақсарту.
Инвестициялық жобалар бөлімі бойынша 153 ауылдық округте және 4 қалада екі ірі – ауылшаруашылығы және өнеркәсіп салаларында 2025 жылға дейін құны 2,16 триллион теңгені құрайтын 1193 жобаны іске асыру жоспарланған. Сол арқылы 13,9 мың жұмыс орнын құру көзделіп отыр десек, оның 12,7 мыңы тұрақты, 1,2 мыңы уақытша жұмыстар. Агроөнеркәсіп кешенін дамыту 10 бағытта жүзеге аспақ.
Айтылған жобалардың ішінде «421 жылыжай кешені салынады. Осы бағыттарды жүзеге асырудың нәтижесінде еңбек өнімділігі 2,7 пайызға, ал ауылшаруашылығы өнімінің көлемі 10 пайызға артпақ, – деген болатын.
Бүгінде өңірімізде жылыжай шаруашылығымен айналысып жүргендер саны артуда. Олар осы кәсібінен нәсібін тауып, қысы-жазы түрлі көкөністерін көпшілікке ұсынуда. Әсіресе қыста қымбаттап, жазда да өз пайдасын кемітпейтін қияр, қызанақ секілді өнімдерді халық тұтынбай тұра алмайды. Солардың ішінде дәмі тіл үйіретін құлпынай өсімдігі қашанда көп сұранысқа ие. Оны жесең де, тосап қылып қайнатсаң да пайдасы зор.
Бүгінде өз үйінің ауласындағы жылыжай ішінде құлпынай өсіріп, оның пайдасына кенеліп жүрген меркілік Рахима Сейдалиеваны көпшілік жақсы таниды.
Кәсіпкердің бұл шаруашылықпен айналысқанына 9 жыл болыпты. Күйеуі Азамат Комолов екеуі жылыжайда құлпынай өсіру әдісін 2019 жылы меңгерген. Сол жылдардан бері осы шаруашылықты отбасылық кәсіпке айналдырып, нәпақаларын тауып жүр.
Отағасы Азамат Комолов жылыжай шаруашылығының мәнін бала кезден біліп өскен. Өзі өзбек ұлтының өкілі. Өзбекстанда туып, өскен. Жылыжай жұмысын атакәсібі десе де болады. Әкесі де осы кәсіппен айналысқан. 1998 жылы Қазақстанға келген. Қазіргі таңда Қазақстан Республикасының азаматы. Ал Рахима Меркі ауданы, Меркі ауылының тумасы. Оның да ұлты өзбек. Жеке кәсіпкерлік осы кісінің атына тіркелген. Өзінің айтуынша жылыжайдың жыры да, ел білмейтін сыры көп. Бастапқыда бұл шаруамен талай адамдар бәсекелесіпті. Кейін істің қыр-сырын меңгере алмай, қиындығына табандылық таныта алмай тастап кеткен.
– Жылыжай жұмысын ақпан айынан бастаймыз. Қазан айына дейін еңбек етеміз. Құлпынайды егу, өсіру оңай шаруа емес. Жылыжай ішіндегі ауа деңгейін бақылап, оның ыстық-суығына көп көңіл бөлесің. Өсімдіктің қажетті дәрумендерін беріп, шөбін жұламыз. Айта берсең шаруа шаш етектен. «Алма піс, ауызыма түс» деп жалқауланып жататындар мұндай тірлік істей алмайды. Тынымсыз еңбекті талап ететін жұмыс. Кәсіпкерлікті қолдау бағыты бойынша 6 пайызбен 6 миллион теңге несие алдық. Оны 5 жылға бөліп төлейміз. Біз үшін бұл да бір үлкен көмек болды. Сол қаражаттың арқасында жылыжайымызды үлкейтіп, өніміміздің көлемін арттырып алдық. Аллаға шүкір, осы шаруаның арқасында ештеңеден таршылық көрмедік, – дейді Рахима Сейдалиева.
«Алыстан арбалағанша, жақыннан дорбала» деген атам қазақ. Алысқа бармай-ақ үй ауласындағы бақшаның өзінен қыруар пайда тауып, кәсібін дөңгелетіп отырған бұл отбасы көпке үлгі.
Құлпынай егуші Азамат Комоловтың сөзін тыңдасақ құлпынай көшеті негізі тамыз айында отырғызылады екен. «Оның бабын келтіре білсең пайдасына белден батасың» дейді. Ал оны сату, халыққа саудалау өте оңай іс. Бабымен пісіп, жетілсе үйіңнен келіп, таласып алып кетеді.
– Тамыз айында бір егілген құлпынай көшеті 3 жыл өнім береді. Ал бұл өсімдіктің африкалық сорты сәуір айынан бастап қарашаға дейін демалыссыз жеміс сыйлайды. Шыққан шығыныңнан қорықпай құлпынай егу өте үлкен табысқа жеткізеді. Сондықтан да осы шаруашылықты Қазақстанда дамытқым келді. Кәсібім жаман емес, мен бақшаға қараймын, келіншегім базарда сатушы, –дейді А. Комолов.
Қандай бір іспен айналыссаң да сол іс мол еңбек пен маңдай терді талап ететіні белгілі. Шағын ауладан мол өнім алып, білдей кәсіпкер атанып отырған бұл шаңырақ иелері бүгінде талайды тамсандыруда.

Ar-Ay
19.07.2023

Ұқсас жаңалықтар

АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 125
САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 54
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 162
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 50
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 159
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 43
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 125
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 269
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 273
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 482
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 445

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9143
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8542
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11770
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9536
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10750