Қымыз, қаймақ, құрт-ірімшік, тары-талқан делдалсыз ұсынылады

Қымыз, қаймақ, құрт-ірімшік, тары-талқан делдалсыз ұсынылады

Ақтөбеде таза ауыл өнімдерін сататын «Біздің ферма» дүкені ашылды. Бір ерекшелігі – мұнда өнімдер алқаптан бірден сөреге жеткізіледі, яғни, ет-сүт өнімдерін өндірушіден тұтынушыға делдалдық үстеме бағасыз тікелей әкелінеді.

Алға ауданының Ақай ауылына қарасты «Абылай» шаруа қожалығы – облыстағы қымыз өндірумен айналысатын ірі шаруашылықтардың бірі. Қожалық басшысы Қыдырбай Ксуповтың айтуынша, тәулігіне 150 литр, айына шамамен 3000-3500 литр қымыз өндіріледі. Шаруашылықта мыңнан аса мал бар, негізінен, ірі қара мен жылқы. Өсімдік шаруашылығы да жолға қойылған. Шаруалар қымызбен бірге таза ет, қаймақ-майын, айранын, құрт-ірімшігін, тары-талқанын тұтынушысына делдалсыз ұсына алады. Бұл мақсатта шаруашылық екі дүкен ашқан. Біреуі жақында облыс орталығында пайдалануға берілді.

Алға ауданындағы ең алғашқы шаруа қожалығы ретінде тіркелген қымыз өндірісі кәсібін Қыдырбай Ксупов 1997 жылы қолға алыпты. Бастапқыда 6-7 жылқы, 20 шақты қой, 10 шақты ірі қара баққан шаруаның ауласында бүгінде 500 жылқы, 664 бас ірі қара малы бар. Ал егістік көлемі – 1250 гектар.

– Бұл жерді менің әке-шешем жайлаған. Бастапқыда осы жерде совхоз болған, кейін кішірейе-кішірейе шопандардың отыратын мекеніне айналған. Мал шаруашылығы үшін де, егін шаруашылығы үшін де өте қолайлы, шұрайлы жер. Сонау тоқсаныншы жылдары шағын ауылдар тарап, мүліктері талан-таражға түскенде қайтсек те осы жерді сақтап қаламыз деген мақсат болды. Рас, біраз адам көшіп кетті. Қазір бұл жерде тек негізінен осы шаруашылықта жұмыс істейтін адамдар тұрады. 1997 жылы мемлекеттік бағдарламалардың көмегімен 15 миллион теңгеге жуық қаражат алып, мал басын арттырдық. 2011 жылы «Жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында шаруашылыққа 5 шақырымнан астам қашықтықта орналасқан Бұлақ елді мекенінен электр энергиясы тегін тартылды. Бұл да шаруалар үшін үлкен көмек. Бүгінде мал басын арттыру үшін алынған 15 миллион теңгеге жуық несиеден толық құтылдым, – дейді Қыдырбай Ксупов.

Биыл шаруа қожалығы «КазАгро Қаржы» АҚ арқылы 134,2 млн теңгеге «Трактор Беларус 920», «Беларус 1222», «К-744», «астық орушы комбайн Джон Дир» техникаларын сатып алып, шаруашылықтың техникалық базасын жаңартқан.

Ауыл шаруашылығы саласына мемлекеттік қолдау керек-ақ. Бүгінде мемлекет тарапынан аталған салаға берілетін субсидияға қоса облыстық әкімдік тарапынан да қосымша қолдау көрсетіліп отыр.

– Облыс әкімінің тікелей қолдауымен бүгінде мал басын алу үшін субсидия беріліп отыр: сиыр малына – 30 мыңнан, жылқыға – 20 мың, қойға 10 мың теңгеден. Бұл мал шаруашылығын дамытуға және мал басын көбейтуге үлкен көмек, қуатты ынталандыру. Субсидияның арқасында шағын қожалықтар корпоротивке біріккілері келеді. Мемлекет басшысына, облыс әкіміне алғыс айтамыз. Сондай-ақ, мемлекеттің ауылшаруашылық техникасын сатып алатын шығынның 35% -ын субсидиялауы да үлкен көмек. Бұл ретте 25 пайызын мемлекет, 10 пайызын облыстық деңгейде субсидиялап отыр. Соның нәтижесінде жаңа техникалар сатып алдық. Бұл да шаруаларға үлкен көмек, – дейді ол.

 

Мейрамгүл САТАЕВА, Ақтөбе облысы
02.09.2021

Ұқсас жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ БҰЗЫЛМАУЫ ТИІС
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 26.11.2024 73
Таласқа ешкімнің таласы жоқ
Serik Salemov, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары - 26.11.2024 74
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 179
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 179
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 319
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 321
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 542
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 490

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9194
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8592
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11820
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9589
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10803