Қыс мезгілінде жолдарды күтіп ұстауға дайындық шаралары жүргізіліп жатыр

Қыс мезгілінде жолдарды күтіп ұстауға дайындық шаралары жүргізіліп жатыр
Облыстық маңызы бар жолдарды қысқы кезеңде күтіп-ұстау жұмыстарын жүргізуге ағымдағы жылдың басында облыс әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы мен мердігер «Сарысу жолдары» ЖШС-мен келісім-шарт жасалынған.
Мердігер тарапынан бүгінгі күнге тұйықта 1000 тонна құм араласқан тұз және
15 техника (2 грейдер, 2 ЗиЛ, 2 құм себетін техника, 2 погрузчик, 2 прицеп, 4 Камаз, 1 МТЗ-80) дайын.
Сонымен қатар, аудандық маңызы бар жолдарды қысқы кезеңде күтіп ұстауға аудандық бюджеттен 3,4 млн.теңге қаржы қаралып, мердігер анықталған (мердігер – «Sholan-Bay» ЖШС). Қазіргі уақытта мердігер тарапынан қауіпті деген жолдардың бойына тұз араласқан 10 тонна құм түсірілді. Мердігердің қоймасында 300 тонна құм, 80 тонна тұз араласқан құм сақталуда.
Жаңатас қаласындағы жолдарды күтіп-ұстауға аудандық бюджеттен 7,8 млн.теңге қаржы қаралып, «Мемлекеттік сатып алу» Заңына сәйкес мердігер анықталу үстінде.
Сондай-ақ барлық ауылдық округтерде қыс мезгілінде жолдарды тазалауға техникасы бар кәсіпкерлермен және жеке тұлғалармен келісім-шарттар жасалды.
Сарысу ауданы әкімдігі
20.11.2023

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 14403
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 14328
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 29471
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 28100
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 31636