Қытаймен қатынасымыздағы әрбір әрекетімізге сақтықпен қарайық! Аты әлемге аян Шарынға қол салды

Қытаймен қатынасымыздағы әрбір әрекетімізге сақтықпен қарайық! Аты әлемге аян Шарынға қол салды

Қр Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа ашық хат

 

Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы!

Бұғыты тауы әлемге аты мәшһүр, сыртқы тұрпатымен, сұлулығымен көпшілікті тәнті еткен әсем жеріміз Шарыннан он шақты шақырым жерде жатыр. Шарынға нәр беріп жатқан өзен арқандай шұбатылып шатқалдың ортасында сылқ-сылқ күліп ағып жатыр. Оның әлдебір ұлы ұстаның қолынан шыққандай кертпеш-кертпеш әлеміштенген жоталары ғажайып көрініс беріп, көрген жанды тәнті етіп, өзіне магниттей тартады. Америка Құрама Штаттарындағы Шарынға ұқсас егіз шатқал біздің Шарыннан сұлулығы жағынан жолда қалады дейді туристер. Міне, сол әсем жерімізге қауіп төніп тұр!

Зачем США, если есть Казахстан? 12 альтернатив дорогим курортам - The  Kazakh drama

Өткен жылдың басында ма, Бұғыты тауының баурайына қытайлар келіп, өндіріс ашып, осы жерді қоршағанда еліміздің бір топ белсенділері наразылығын білдірген, яғни оларға қарсы шыққан. Өкінішке қарай, олардың жанайқайына біздің Үкіметіміз назар аудармады, өңмеңдеген қытайларды аластаудың орнына белсенділерді бүлікші ретінде қуып шыққан. Одан кейін Бұғытыда бұғып жатқан қытайлар жөнінде, олардың не істеп, не қойып жатқаны жайында хабар-ошар естіген емеспіз. Тек жергілікті тұрғындар ол жерден алтын немесе вольфрам өндіретінін және Бұғытының баурайына әсем үйлер салып, тауды жарылыс жасап бүлдіріп жатқаны жөнінде айтып, дабыл қақты. «Ау, өздеріңіз бірігіп, табиғатты бүлдіріп жатқан қытайларға неге бөгет жасамайсыздар?» – деп сұрасақ, олар «бізді ол жерге кіргізбек түгілі жанына жолатпайды. Бейнебақылау орнатып тастаған», – десті.

Біз бұл жөнінде анығырақ білейік деген ниетпен Ұйғыр ауданының әкімі Нурахунов Шухрат мырзаға кіргенде ол бұл жөнінде облыстық әкімшілікке хат жазғанын жеткізді. Жалпы ол жер Еңбекшіқазақ ауданына қарайды екен. Біз жазылған хат жайлы сұрағанымызда жасырмай, олардың көшірмесін бізге берді. Сол хаттардың көшірмесімен таныс болыңыздар.

Екі хаттың бірі Алматы облысы әкімінің орынбасары Б. Байжұмановқа және екіншісі сол облыстың ауылшаруашылығы басқармасының басшысы Д.Құдабаевқа жіберілген. Екі хаттың мазмұны бірдей.

«Шарын өзені арқылы «Жетісу Вольфрам» ЖШС диаметрі 2 метр су жүретін құбырды өздерінің салынып жатқан зауыттарына тартқан. Осы Шарын өзені арқылы 2500 шаруа құрылымдары 15 мың гектардан астам жерді игеруде. Алайда «Жетісу Вольфрам» ЖШС судың көп мөлшерін пайдаланатын жағдайда ауданда жұмыс жасап отырған шаруа құрылымдарында судың тапшылығы орын алуы мүмкін. Сондықтан осы жоғарыда аталған мәселені ескере отырып, аудан әкімдігі сізден ықпал етуіңізді сұрайды».

 

Хатқа Ұйғыр ауданы әкімінің орынбасары Қ. Исаев қол қойған.

Әкімшіліктің көтеріп отырған дабылды мәселесі, абыржуы өте орынды. Хат 19 тамызда (2022 жылы) жазылғанымен, әлі де көңілді орнықтыратын жауап жоқ. Рас, егер қытайлар немесе аталған ЖШС хатта айтылған 2 метрлік су жүретін құбырды іске қосса, онсыз да аз мөлшердегі Шарын өзенінің суы азаяды. Онда аудан әкімшілігі айтқан су тапшылығы болатыны сөзсіз. Әлбетте, жергілікті шаруалар су тапшылығынан қиналады. Тағы да бұданда зор қауіп бар. Шарын шатқалының өмірлі өзегі, нәрі болып отырған өзен суалса, онда оның табиғаты да солып, шөлге айналады. Онда оның қазіргі көкорайға бөленіп тұрған сұлулығы да көз алдымызда бал-бұл ұшады. Сонда дейміз-ау, осындай қауіптің, апаттың төнетінін, болатынын жергілікті жердің дабылына қарамастан бұған жол беріп отырған Үкіметке біз таң қалып отырмыз. Әрине, қытайларға бәрібір. Олар өзіне қажетті байлық-қазынаны тонап алған соң, елдеріне тайып тұрады.

Осындай жағдай Қызылорда облысында болған. Сыр өңірінде Қызылқұм деген шұрайлы жер бар. Бұл өңірдің қызығын жергілікті халық көріп жатыр. Олар мыңғырған төрт түлік мал өсіреді. Қызылқұмның шөл деген аты болғанмен, оның астында телегей теңіз бар деседі. Сол телегей теңіздің мөп-мөлдір суын ондаған ұңғыма скважиналар орнатып, сыртқа шығарған. Бір ғажайыбы әрбір скважинадан буырқанып атылып шыққан су аспанға қарай шапшиды. Әрбір скважинаның жанында бір-бір көл бар. Бұл ғажайып емес пе?! Міне, осы ғажайыпқа Байқоңыр ғарыш айлағындағы орыстардың тойымсыз көзі түсіп, әлгі ен телегей суды 2 метрлік құбыр салып, сора бастайды. Сонда не болды дейсіз ғой? Әлгі буырқанып атқылап жатқан скважиналар тоқтай бастады. Ел шулап, наразылық танытып, әлгі тартылған алып құбырлардың су соруын тоқтатуды үзілді-кесілді талап етті. Жергілікті тұрғындар: «Я өлім, я өмір! Біз құбырларды кесіп, тәнімізді сол жерге қоямыз!» – десті. Ол кезде аузын айға білеген КСРО билігін жүргізіп отырған. Мәскеуден генералдар келіп, жергілікті ел тұрғындарын тоқтатпақшы болды. Тоқтата алмады. Ақыры халықтың дегеніне көнді. Ал алып құбырлардың қызығын 90-жылдардың ауыртпалығы кезінде жергілікті ел көрді.

Міне, бұл мысалды әлгі тартылып жатқан 2 метрлік құбырдың зияндылығын, қаупінің зардабын дәлелдеу үшін ескертіп, айтып отырмыз. Біз құбыр тартылатын жерге арнайы барып көрдік. Иә, сонау Бұғытыдан басталған құбырды дайындап қойған. Алып аждаһадай ирелеңдеген құбырдың өңеші Шарын өзеніне келіп тіреліп тұр. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, осы құрылысты қытайлар тез атқарған. Арғы жағын айтудың өзі қорқынышты. Біз қытайдың ауылына кіре алмадық. Бірақ біздің бақытымызға қарай жолай сол жерде жұмыс істейтін бір азамат біздің көлігімізге мінді. Әлгі азаматтан сыр суыртпақтадық. Оның айтуынша, Бұғытының бір тауын қытайлар тас-талқан етіп бұзып, жарып тастаған. Оның естуінше, сол жерге Шарын өзенінен су тартып, көл орнатпақшы. Ол көлдің суын алтынды аршып алуға пайдаланады-мыс. Содан соң салынып жатқан зауытқа теміржол тартпақшы-мыс. Сол теміржолмен алынған өнімді Қытай жеріне тасымақшы-мыс. Азамат бұл жайларды қорқып әзер айтты. Бірақ айтылған сөзінде айдай шындық бар екендігі сөзсіз. Ол бізге бұл жайды жақсы білетін тағы бір азаматтың телефонын берді. Бірақ ол азамат ақпарат беруден бас тартты. 

Қазіргі басты мәселе Шарын өзеніне өңешін созып келген алып құбырдың жұмыс істеуін тоқтату қажеттігі туындап отырғанын сіз бен біз жақсы біліп отырмыз. Оны қалайда тоқтату керек! Ындыны кепкен, біздің байлығымызды тонамақшы болып отырған қытайлардың әрекетіне тосқауыл қою қажет! Егер оны тоқтатпасақ, біріншіден, елдің мол қазынасынан, екіншіден, әлемдегі ең сұлу мекен – Шарын шатқалынан біржола айырыламыз. 

Қадірлі Қасым-Жомарт Кемелұлы!

Қытайлардың бұл бір ғана біздің табиғатымызға тигізіп жатқан зияны. 

Мұнай өнімдерін өндіруде де олар алапат зиян келтіріп жатқаны жайында жергілікті тұрғындар дабыл қағып жатыр. Мұнай өндіруде экологиялық тұрғыда тигізіп жатқан зияны сұмдық. Сондай-ақ жер астынан мұнай алынғаннан кейін ол қуыстар бос қалады да, біздің жер бетіндегі өзендеріміздің суы сонда кетіп жатқандығы туралы деректер бар. Қызылорда облысындағы Құмкөлдің де және басқа өңірлердің мұнайы түгесілуге жақын. Себебі қытайлар біздің жер асты қазынамызды тезірек алып кетуге тырысады. 

Мысалы Зайсан газының қалай Қытай асқанын жақсы білеміз. Келіп жатқан 52 кәсіпорынның зияны да шаш етектен екені белгілі. Осы кәсіпорындар арқылы қаншама Қытай азаматтары мұнда ағылып келе жатқаны бесенеден белгілі. Олардың пиғылының, ниетінің қандай екендігін сіз бізден артық білесіз. Тарихқа көз салсақ, Қытайлар залымдығымен, зұлымдығымен әйгілі. Олардың басты мақсаты – болашақта біздің жерімізді жаулап алу. Жер асты қазынамызға ие болу. Бұл жөнінде олар алғашқы қадамдарын жасап жатыр. Оларды қазақтың тағдыры, жеріміздің амандығы, экологиясы алаңдатпайды. «Қарызымызды уақытында төлемедіңдер» деп жеріміздің бір пұшпағын сұраса, таң қалмаңыз.

 Сондықтан сіз өзіңіз бастап Қытайдың қандай бір көмегіне абайлап қарап, олардан іргемізді алшақ ұстағанымыз абзал. Біз үшін ең қауіпті ел, зиянды жау – Қытай, Жаңа Қазақстан тек іште ғана емес, сыртқы саясатқа да жаңаша көзқараспен қарауы тиіс. Халқымыз сізге зор сенім артып, елімізді, жерімізді, болашағымызды аманат етіп отыр. Оған ант бердіңіз. Сізге осы ұлттық құндылықтарымызды ескеріп, жоғарыдағы маңызды мәселелерді ескеруіңізді сұраймыз.

 

Құрметпен:

1. «Qazaqstan dauiri» газетінің ұжымы

2. Ұйғыр ауданының бір топ тұрғындары

3. «Тәуелсіздік 1986 Желтоқсан» қоғамдық ұйымы

4. «Қазақтың «Жаңғыру» ұлттық өркендеу орталығы т.б. жеке азаматтар

23.01.2023

Ұқсас жаңалықтар

ЫСТАН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Аяулым САНСЫЗБАЕВА, Жетісу облысы - 23.11.2024 16
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 23
Жарқын болашаққа бес қадам
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 23.11.2024 5
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 10
«Жайлы мектепте» оқып жатыр
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 14
АБАЙ ДЕП СОҚҚАН   ЖҮРЕГІ
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 23.11.2024 11
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 22
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 23
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 250
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 245
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 870

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8941
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8333
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11561
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9319
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10545