Болгария астанасы Софияда бокстан екінші әлем чемпионаты аталатын Странджа кубогында қазақстандық спортшылар төрт алтын медальға қол жеткізді. Қазақстандық боксшылар қатарынан жігіттер арасында Махмуд Сабырхан (54 келі) мен Сағындық Тоғамбай (86 келі) топ жарса, қыздар арасында Назым Қызайбай (50 келі) мен Валентина Хальзова 70 келі салмақта чемпион атанды. Сондай-ақ, аталмыш Халықаралық турнирде ел құрамасынан Дамир Әбдіқадыр (51 келі), Дулат Бекбауов (67 келі), Дина Жоламан (54 келі) және Ләззат Күнгейбаева (81 келіден жоғары) күміс жүлдегер атанды. Ал қола жүлде Санжар Тәшкенбай (48 келі), Тимур Қабдешов (51 келі), Абзал Серік (63,5 келі), Абзал Құттыбеков (92 келі), Нұрлан Сапарбай (92 келіден жоғары), Римма Волосенко (60 келі), Дариға Шәкімова (66 келі, Надежда Рябец (75 келі) және Анастасия Баязитова (81 келі) сынды қазақстандық спортшыларға бұйырды