ҚЫЗМЕТ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН БҰЗУҒА ЖОЛ БЕРІЛМЕЙДІ

ҚЫЗМЕТ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН БҰЗУҒА ЖОЛ БЕРІЛМЕЙДІ

ҚЫЗМЕТ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН БҰЗУҒА ЖОЛ БЕРІЛМЕЙДІ

 

Департаментпен ақпараттық жүйелер арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасына сыртқы мониторинг жұмыстары тұрақты түрде жүргізілуде.

         Мониторинг барысында Сарысу ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі тарапынан қызмет алушының «Құрылыстың эскизін (эскиздік жобасын) келісу және эскизді (эскиздік жобаны) келісуден өткізу» мемлекеттік қызметін алу үшін «Е-лицензия» ақпараттық жүйесі арқылы жолданған өтінішіне негізсіз бас тартылғандығы анықталды.

Аталған бөліммен қызмет алушының өтінімі бойынша Жамбыл облысы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы басқармасының  тиісті эскиздік жобаларды міндетті түрде басқармамен келісу қажеттігі туралы хатына сілтеме жасалып, мемлекеттік қызмет көрсетуден негізсіз бас тартылған.

Осыған орай, Департамент тарапынан бөлімге қызмет алушының бұзылған құқықтарын қалпына келтіру туралы ұсыныс енгізілді.

Нәтижесінде, «Е-лицензия» ақпараттық жүйесінің жаңа мүмкіндігі арқылы, яғни қызмет алушы қайта өтінішпен жүгінбей, оған қызмет көрсетудің оң нәтижесі беріліп, бұзылған құқығы толықтай қалпына келтірілді.

  

Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы
31.01.2025

Ұқсас жаңалықтар

ҚҰР БОСҚА   ДҮРЛІКПЕЙІК, АҒАЙЫН!
НАҒАШЫБАЙ ҚАБЫЛБЕК - 31.01.2025 152
Тағы бір елді мекен табиғи газға қосылды
НАҒАШЫБАЙ ҚАБЫЛБЕК - 31.01.2025 53
ҚЫЗМЕТ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН БҰЗУҒА ЖОЛ БЕРІЛМЕЙДІ
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 31.01.2025 33

Топ жаңалықтар

1
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 14137
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 12947
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 16209
4
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 15110
5
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 20161