«Қызыл» мәртебесі барларға айыппұл салынды

«Қызыл» мәртебесі барларға  айыппұл салынды

      Алматы қаласы Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Сәдуақас Байғабұлов онлайн брифинг барысында 2 188 алматылық екі апталық үй карантинін бұзғанын мәлім етті. Сәдуақас Байғабұловтың айтуынша, Алматыдағы Ashyq жүйесіндегі QR кодын сканерлеу нәтижесі бойынша «қызыл» мәртебесі бар 2 188 азамат анықталды. Барлық тәртіп бұзушы ӘҚБтК-нің 425-бабының 1-бөлігіне сәйкес 30 АЕК (87 510 теңге) көлемінде айыппұл төледі. Сонымен қатар, сары контактілерге 750 оқшаулау туралы ескерту берілді. Ашық дереккөздерде 2024 карантин бұзушының аты-жөні жарияланды. «Алматыда Ashyq жобасымен барлығы 10 045 қатысушы жұмыс істейді, сонымен қатар 12805 ерікті қатысушылар бар», — деді спикер. Ол сондай-ақ 500 нысанның Алматыдағы жобаның көшбасшылары екенін жеткізді. «Жетекші кәсіпорындар уақытша үлкен артықшылықтармен жұмыс істейді. Алайда, егер тіркелмесе, бұл мәртебеден айырылу оңай. Алдымен мәртебе бір аптаға, қайталап бұзылған жағдайда — екі аптаға, ал үшінші бұзушылықпен — бір айға тоқтатылады»,— деді ол. Алматы СЭБД өкілі Ashyq жобасы басталғалы бері мегаполистің 11 060 тұрғыны оқшаулау режимін бұзып, жобада жұмыс істейтін нысандарға баруға тырысқанын тілге тиек етті. Айта кетерлігі, Ashyq объектілерінде кіре берісте сканерлеу кезінде — 9 999 тұрғын «қызыл», 1 061 тұрғын «сары» мәртебеге ие болған. Сканерлеу кезінде өзін-өзі оқшаулау режимін бұзушылардың көпшілігі қоғамдық тамақтану орындарында, сауда және ойын-сауық орталықтарында, сауда үйлерінде, базарларда, дүкендерде, әуежайларда және фитнес-орталықтарда кездескен. Санитарлық-эпидемиологиялық басқарманың мәліметі бойынша, 2021 жылдың 1 қаңтары мен 28 қыркүйегі аралығында 41 062 кәсіпкерлік объектілері тексеріліп, карантиндік шараларды бұзған 3929 нысан анықталды. 6132 хаттама жасалды, оның ішінде заңды тұлғаларға 236 млн теңге сомасында 675 хаттама, жеке тұлғаларға қатысты маска режимін бұзғаны үшін 24045 теңгеге 5457 хаттама толтырылды. Карантин талаптарын жиі бұзушыларға қарсы 76 материал сотқа берілді, 44 объект сотпен тоқтатылды. «Тамыз айынан бастап чектер күндізгі және түнгі болып бөлінді. Сонымен қатар, қоғамдық көліктерде мониторинг жүргізіледі. Тексерушілер маска режимін сақтамайтын жүргізушілер мен жолаушыларды анықтайды. Жалпы есепті кезеңде қоғамдық көлікте бетпердесіз 159 адам анықталды», — деді Сәдуақас Байғабұлов. Алматы қаласы СЭБД басшысының орынбасары мегаполистегі эпидемиологиялық жағдай әзірге тұрақсыз екендігін, қалада күн сайын 400-ден астам КВИ инфекциясының жағдайы анықталатынын, орташа және ауыр коронавируспен ауыратын 200 адамға дейін аурухана төсегіне жататынын еске салды. Осыған байланысты, Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтары, сондай-ақ кәсіпкерлік нысандары санитарлық нормалар мен карантин талаптарын қатаң сақтап, адам көп шоғырланатын жерден аулақ болулары керек. Шектеу шараларын елемеу мен білмеу аурудың өршуіне әкеледі.

Ермек Сахариев
01.10.2021

Ұқсас жаңалықтар

АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 232
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 369
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 367
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 601
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 541

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9245
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8642
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11868
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9640
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10850