«Қызыл-Жар» мен «Тобыл» жорығын жалғастырады

«Қызыл-Жар» мен «Тобыл» жорығын жалғастырады

Солтүстіктегі қос ұжым – петропавлдық «Қызыл-Жар» мен қостанайлық «Тобыл» Еуропадағы жорықтарын әрмен қарай жалғастырады. Айта кетейік «Осиек» Конференция лигасының екінші іріктеу кезеңінде «Қызыл-Жармен» күш сынасты. Хорватиядағы «Осиек» стадионында өткен қарымта матч 0:2 есебімен петропавлдық клубтың пайдасына аяқталды. Кездесудің 60-минутында алаңға шыққан Гиорги Иваниадзе екі минуттан кейін мергендік танытып, командасын алға шығарды. Он минуттан кейін Юрий Бушманның пасынан кейін Мусса Коне басымен гол соғып, ойынның нүктесін қойды. Қос матчтың қорытындысы бойынша 2:3 есебімен жеңіске жеткен Әли Әлиев шәкірттері Конференция лигасының үшінші іріктеу кезеңіне өтті. Петропавлдықтар келесі кезеңде кипрлік АПОЭЛ командасымен кездеседі. Сонымен қатар «Тобыл» Конференция лигасының екінші іріктеу кезеңінде «Линкольн Ред Импспен» кездесті. Гибралтарда өткен қарымта матч 0:1 есебімен қостанайлық клубтың пайдасына аяқталды. Ойынның 31-минутында Зоран Тошин жеңісті және шешуші голды соқты. Алғашқы матчта 2:0 есебімен жеңіске жеткен Милан Миланович шәкірттері еш қиналмастан турнирдің үшінші іріктеу кезеңіне өтті. Конференция лигасындағы жорығын жалғастыратын қостанайлық «Тобыл» мен петропавлдық «Қызыл-Жардың» үшінші іріктеу кезеңіндегі қарсыластары белгілі болды. «Тобыл» келесі кезеңде Босния және Герцеговина елінің өкілі «Зриньски» клубымен, ал «Қызыл-Жар» кипрлік АПОЭЛ командасымен күш сынасады. Өткен маусымдағы Босния чемпиондары екінші раундта албаниялық «Тирананы» жеңсе, Кипр чемпионатының қола жүлдегері атанған АПОЭЛ «Ботевтен» басым түсті. Қазақстандық клубтар келесі кезеңдегі ойындарын 4 және 11 тамызда өткізеді.

 

Рауан МУТАИР
04.08.2022

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 3954
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 4138
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 19073
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 17745
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 21174