Қызылорда облысы әкімі Гүлшара Әбдіқалықова ханымға.

Қызылорда облысы әкімі Гүлшара Әбдіқалықова ханымға.

 Құрметті Гүлшара Наушақызы, Қызылорда облысы халқы да Маңғыстауда болып жатқан оқиғаларға алаңдап отыр. Газ тарифі проблемасы біздің облыс халқының да әлеуметтік жағдайына қатты әсер етуде, ол жөнінде, тарифтің неден құралатынын жан-жақты талдау үшін комиссия құру  жөнінде талай ұсыныс берілгенмен облыстық әкімдіктен ол неге екені белгісіз қолдау таппай отыр.

Антимонопольный департамент 3 жылдан бері КТГ Аймақпен халықтың 3 млрдтай қаржысын қайтартуға соттасып жатыр..

Осындай мәселе болып отырғанда өңір басшысы ретінде үнсіз, араласпай отыруыңыз қалай?

Араласпай деп отырған себебім газдың тарифі неден құралатынын талдау жасау комиссиясын 3 айдан бері құрмай отырсыздар..

 

 Қәзіргі таңда Жаңаөзенде бұл мәселе халықтың наразылығына соқтырып митингіге ұласты. Дәл осындай жер дауы болған кезде сол кездегі Қызылорда облысы әкімі Қ.Көшербаев қоғам белсенділерін қабылдап ұсыныстарын жинап Үкіметке жолдаған болатын және Нағи Ілиясов ауылында өткен жер комиссиясында ол дау ашық талқыланып жер заңына мараторий жарияланғанын білесіз. Жергілікті КТГ Аймақ басшылығы ештеңе шешпейді, ҚР 9 аумағында, оның ішінде Қызылорда облысында да белгісіз мерзімге кәсіпкерлік нысандарға  табиғи газға қосылу техникалық шартын бермейтінін, ол тек ББШ газ құбырына екінші желі салынғанда барып болатынын, ал ол қашан болатынын білмейтінін айтып  отыр. Бұл дегеніміз белгісіз мерзімге кіші кәсіпкерліктің дамуын тоқтатып қою, қәзіргі кезде 100 миллиондап несие алған кәсіпкерлер газға қосыла алмағандықтан жұмысын бастай алмай отыр, ал банк ол үшін несиені тоқтатпайды..

               

  Қәзіргі таңда Ақшабұлақтағы арзан газды сол жақтағы мекеме толық алып элетр энергиясын өндіруге пайдалануда, ал ол Қызылорда қаласын газбен қамтамасыз ететін газ. 

Ол жақта өндірілген эл.энергиясы майнинг компаниясы тұтынуда деген әл.желіде жарияланым жасалды. 

Сонда халықтың мұқтажынан, облыс кәсіпкерлігі дамуынан біреулердің биткойн өндіруі маңызды болып отыр ма?   

 

Онда Ақшабұлақтан Қызылордаға тартылған газ желісі қаншалықты жүктемемен пайдалануда?     

 Жоғарыдағы себептермен және Газ, Бензин, солярка  бағасы  өсуі де баға өсуіне соқтырып халықтың наразылығын тудыруда.. 

 

Маңғыстау халқы көтеріп отырған проблема барлық облыста бар, Маңғыстаудағы жағдай ушықпай тұрғанда Үкімет мүшесі ретінде Сіз де Қызылорда халқының үнін естіп Үкіметке жеткізуге тиіссіз деп ойлаймын.

 

Сондықтан Қызылорда облысы халық өкілдерімен  қоғам белсенділерімен кездесіп жоғарыға жеткізілуі тиіс мәселелерді өз ауыздарынан естігеніңіз дұрыс. 

Өз басым Маңғыстау халқы талабы орынды, сондықтан да оларға қысым, қоғам белсенділерін ешқандай заңмен қудалау болмауын талап етемін..

Олар Конституциямен кепіл берілген лайықты өмір болуын сұрап отыр, ал ол мәселенің елімізде қарапайым халыққа қалай екенін мұқтаж жандарлы қабылдап жүрген өзіңіз де жақсы білесіз. Сондықтан мәселені ушықтырмай жедел шешім қабылдауыңызды сұрамын.

 

Бұл жазғанымды ресми хат деп қабылдаңыз.

Болат Нұрқожаев
04.01.2022

Ұқсас жаңалықтар

АРЫСҚА ШЕТЕЛДІК ИНВЕСТОРЛАР КЕЛДІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 28.03.2024 55
ҚАЗАҚТЫҢ ЖАНЫ – ДОМБЫРА
Дәулетбек Байтұрсынұлы - 28.03.2024 99
ОТАНСЫЗ ЖЕТІМ, ДІНСІЗ БАҚЫТСЫЗСЫҢ
Нұрлан Байжігітұлы - 28.03.2024 29
ШЕШЕНДІК ӨНЕР – АСЫЛ ҚАЗЫНА
Сарысу аудан әкімдігі баспасөз қызметі - 28.03.2024 22

Топ жаңалықтар

1
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 332
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 6435
3
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 8047
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 6515
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 6651