Радиожурналистерге қызғалдақ тұқымы тарту етілді

Радиожурналистерге  қызғалдақ тұқымы тарту етілді

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Дүйсенбекұлы «Қазақ радиосы» мен «Шалқарды» тыңдайды екен. «Радио – идеологияның маңызды құралы. Мыңдаған тұрғындар жолда жүріп радио жаңалықтарын тыңдайды. Халыққа дұрыс ақпарат жеткізуде, тұрғындардың сұраныстарын білдіруде және азаматтық қоғаммен байланысты жаңа деңгейге көтеруде радио қызметкерлерінің үлесі жоғары», – дейді Мұрат Әйтенов.

Өздеріңізге белгілі, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының ұсынысымен ҚР Үкіметінің Қаулысына сәйкес 1 қазан – Радио қызметкерлері күні болып бекітілді. Елімізде алғаш рет тойланып отырған жаңа мерекені Шымкент қаласының әкімі «Шалқар» радиосының бір топ қызметкерлерін мегаполиске арнайы шақырып, құрмет көрсетумен атап өтті. Атап айтқанда мерекелік жиынға «Шалқар» радиосының бұрынғы бас-редакторы, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Көпен Әмірбек, «Қазақ радиосының» бұрынғы Бас директоры, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Махат Кәбірұлы, «Шалқар» радиосының директоры                      Болатбек Төлепберген, «Қазақстан» ұлттық арнасының тележүргізушісі Ләйлә Сұлтанқызы, «Үздік радиожурналист» сыйлығының иегері, қазіргі  «Қазақстан КВН Одағының» Президенті Есентүгел Елеукен, тележүргізуші Асхат Садырбай қатысты. Қала әкімі радио қызметкерлерін мерекелерімен құттықтап, ізгі тілегін жеткізді. Қонақтарға Шымкенттің символына айналған қызғалдақтың тұқымын сыйға тартты. 

Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында елімізде тек екі радио болса, қазір 79 радиостанция бар. Ал республиканың үшінші мегаполисінде 2 радиостанция жұмыс істейді. Оның ішінде 100 жылдық тарихы бар «Қазақ радиосының» филиалы қызмет атқарады. Республикалық радионың трансляциясы Шымкент қаласында 1929 жылдан бастап жүргізілсе, 1932 жылы радиохабарлар жүйелі түрде таратыла бастады. «Қазақ радиосының» 100 жылдық мерейтойына орай Шымкенттің Қаратау ауданындағы орталық бір көшеге «Қазақ радиосы» атауы берілген болатын. 

 

Ш.Мекенбайұлы, Шымкент
08.10.2021

Ұқсас жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ БҰЗЫЛМАУЫ ТИІС
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 26.11.2024 66
Таласқа ешкімнің таласы жоқ
Serik Salemov, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары - 26.11.2024 66
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 173
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 173
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 315
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 316
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 537
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 486

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9190
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8588
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11816
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9585
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10799