«Рәміздер алаңы» пайдалануға берілмек

«Рәміздер алаңы» пайдалануға  берілмек

Ұлттық құрылтайдың Ұлытауда өткен алғашқы отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлытаудағы Әулиетаудың баурайында «Рәміздер алаңы» ашылса, өңірге туристер тартудың үлкен тетігі болатынын айтқан еді. Мемлекет басшысының тікелей тапсырмасымен қолға алынған бұл нысанның құрылысы бүгінде аяқталуға жақын. 

Жүзеге асырылып жатқан жобаның жалпы аумағы 3 гектарды құрайды. Қазіргі уақытта алаң 85 пайызға дайын. Алдағы екі аптаның ішінде сәулетті нысан құрылысы толық аяқталып, жабдықталуы тиіс. Бұл жайында облыс әкімі Берік Әбдіғалиұлының ауданға жұмыс сапары барысында айтылды.

Нысанның жұмысымен егжей-тегжейлі танысқан облыс әкімі өз кезегінде алаңды күтіп ұстаудың маңызды екенін ескертті. 

– Ел Президентінің тапсырмасында айтылғандай, бұл алаңда көк байрағымыз асқақтап тұруы тиіс. Сондықтан да оның жоғары сапада және ел-жұртқа ұялмай көрсетуге болатынына баса мән беріңіздер. Бұл орынды күтіп ұстауға қаражатты қазірден қарастыруды тапсырамын. Жалпы аудан бойынша барлық саябақ, демалыс орындарының кескін-келбетін бұзбай ұстау үшін арнайы бөлінген қаржы болуы тиіс, – деді өңір басшысы өз сөзінде.

Әулиетаудың етегінде бой көтеріп жатқан нысанда Таңбалы тас, Рәміздер, Қазақ тарихының әр кезеңінен сыр шертетін барельефтер, граниттен кеспе тастар, Сапар орталығынан апаратын жаяу жүргіншілер жолы, арнайы орындықтар орналасқан. Қазір көгалдандыру, жарық шамдар орнату жұмыстары қолға алынуда.

 

НАҒАШЫБАЙ ҚАБЫЛБЕК
28.08.2024

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 13131
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 11969
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 15212
4
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 14144
5
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 19173