Рәміздер күні қарсаңында көк байрағымыз әртістердің қолжаулығына айналды

Рәміздер күні қарсаңында көк байрағымыз әртістердің қолжаулығына айналды

Рәміздер күні қарсаңында көк байрағымыз әртістердің қолжаулығына айналды. Бұл жөнсіз әрекет қоғамдық пікір тудырды. Мемлекеттік хатшы Ерлан Қарин Алматыдағы концертте Туды қорлағанәншілерге үн қатты. 

Қарин Фейсбук парақшасында:

«Алматы қаласындағы концерт кезінде болған оқиға қазір қоғамда қызу талқыланып жатыр. Біздің білуімізше, концертті «NS group» ЖШС ұйымдастырған. Shiza лақап атын иеленген азаматтың Мемлекеттік туға қатысты әрекеті жіті тексеріліп, оқиғаның мән-жайы анықталуы қажет. Концертте ішімдік ішілгендіктен мұндай әрекетке жол берілген деп ойлаймын. Жастар осы бір келеңсіз оқиғадан сабақ алып, қарапайым мәдениет пен этикетті меңгеруі қажет», – деп жазды

Оның айтуынша,мұндай кештерді  ұйымдастырушылар да жауапкершілікті сезінуі керек. Олар концерт ұйымдастырған кезде ішімдіктің ішілуіне жол бермеуге, басқа да оқыс оқиғалардың алдын алуы қажет

«Біз Мемлекеттік туға зор құрметпен қарауымыз қажет. Оны аяқасты етуге жол бермеуіміз керек. Туымызды немесе басқа да рәміздерімізді қорлаған әрекеттер құқықтық-нормативтік актілерге сәйкес жауапкершілікке тартылады. Өйткені, заң баршаға ортақ. Еліміздің әрбір азаматы Мемлекеттік туды құрметтеп, қастер тұтуы қажет деп санаймын», – деп ескерттіҚарин

Айта кетейік, кешеден бері әлеуметтік желілерде «Ирина Кайратовна» тобының әрекеті сынға алынып жатыр. Топтың Алматыдағы Балуан шолақ атындағы спорт сарайында өткен концертінен видеоүзінді жарияланған. Онда сахнадағы жас әншілердің бірі Мемлекеттік туға құрметсіздік танытады.

Туды қорлау әрекеттері бір бұл емес. Бұған дейін де әнші Нұрболат Абдуллин аттың жамбасынан тілерсегіне дейінгі аралықты тумен жауып, басы дауға қалған-ды. Байрақпен қоқыс шығарып, мемлекеттік рәмізді аяқ асты еткендер табылды. Алайда, жоғарыдан қатаң шара қолданылмағандықтан әлі күнге дейін тудың ту-талақайын шығаратындар азаймай келеді.

malim.kz
28.05.2022

Ұқсас жаңалықтар

БАЛА ӨЛІМІНЕ БЕЙ-ЖАЙ ҚАРАУ – БОЛАШАҚҚА ОПАСЫЗДЫҚ ЖАСАУ
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері - 26.09.2025 326
Бас жоспар   жарты млн тұрғынға арналған
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы (Облыс әкімінің баспасөз қызметінің мәліметі негізінде дайындалды) - 25.09.2025 172
Пәкістаннан пана таппаған қазақтар
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 25.09.2025 472
22 ЖЫЛДЫҚ ТАРИХЫ БАР ЖИЫН НЕСІМЕН ҚҰНДЫ?
Нағашыбай Қабылбек - 25.09.2025 319

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 18235
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 18096
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 33283
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 31834
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 35550