Референдумның мақсаты мен маңызын түсіндіру бойынша ауданда тиісті жұмыстар қолға алынды. Облыстық және аудандық желілік кестелерге сәйкес халықпен кездесулер ұйымдастырылуда. Осы мақсатта құрамында 25 адамнан тұратын аудандық қоғамдық штаб құрылған. Штаб мүшелері бүгінге дейін Қаратау қаласы мен ауылдарда 17 кездесу өткізді.