РЕФОРМА НАҚТЫЛЫҚТЫ ҚАЖЕТ ЕТЕДІ

РЕФОРМА  НАҚТЫЛЫҚТЫ ҚАЖЕТ ЕТЕДІ

Мектепке дейін және орта білім беруді дамыту жайлы реформа  тәуелсіздік алғалы жалғасып келеді.  «Бала тілі – бал» дейді қазақ.  Баланың алғашқы алған әсері өмір бойына есінде сақталады.  Бала да солқылдап өсіп келе жатқан шыбық секілді. Қалай қарай бұрсаң, солай қарай бейімделе бастайды. Мектепке дейінгі балаларды тәрбиелеуде маңызды орын алатын іс-әрекет бұл үй жұмысына, еңбегіне баланың қатысуы. 4-5 жастан бастап бала үйде ылғи да істейтін жұмыс жүктелуі тиіс және бұны норма деп қарастыру керек. Бұл баланың жеке-даралық дамуына зор ықпал етеді. Үй жұмысы барысында балада мұқияттылық, жауапкершілік, еңбекқорлық және т.б. пайдалы сапалары қалыптасады. Бұл тек ата-анасына көмектесу үшін ғана қажет емес, сонымен қатар болашақта еңбекке икемділікті үйрену үшін де қажет. Осы ретте тәжірибелі педагог-психологтың кеңесіне жүгінген дұрыс. Және оны тәжірибе жүзінде іске асыру да біліктілікті қажет етпек. 

Қызылорда облысы Қазалы ауданы Әйтеке би кентіндегі «Ханшайым» жеке балабақшасының педагог-психологы  Әйгерім Нағашыбайқызы: «Мектеп жасына дейінгі балалардың психологиялық ерекшеліктері» деген мақаласында Мектепке дейінгі кезеңдегі ойын рөлінің өзгеруі жас кезеңіне қарағанда, негізінен балада көптеген пайдалы жеке-даралық сапалардың дамуы мен қалыптасу құралының қызметін атқаратынымен байланысты. Мектепке дейінгі баланың ойынында тәрбиелік функциясы баланың әртүрлі қажеттілігін қанағаттандыру құралымен, оның мотивациялық ауқымының даму қызметін атқарады. Ойында баланың жаңадан қызығушылықтары мен іс-әрекеттің жаңа мотивтері пайда болып, бекиді. Мектепке дейінгі баланың ойынына: «Символикалық ойын» бір заттың орнына ұқсас екінші бір затты қойып, оның     бастапқы атымен емес, соңғы атымен атаушы ойын түрі және рольдік-сюжеттік ойындар.

Мектепке дейінгі ойын және еңбек іс-әрекет арасындағы ауысулар едәуір келісімшартты болып келеді, өйткені балада бір іс-әрекет түрі байқаусыз жайлап екінші түріне немесе керісінше ауысып отырады. Егер тәрбиелеуші баланың қарым-қатынасында және еңбегінде қандай да бір жеке-даралық сапаның жеткіліксіздігін аңғарса, онда ең алдымен баланың ойынын ұйымдастыруда сәйкес сапалардың пайда болуы мен қалыптасуына көңіл бөлу керек. Егер баланың оқуында, қарым-қатынасында және еңбегінде кейбір жеке-даралық сапалар байқалса, онда осы сапаларды басқара отырып, едәуір күрделі жағдайында жаңа сапаларды құрудың дамуын жоғарылататын ойындарды ұйымдастыруға болады» дейді. Мектепке дейінгі балалармен жұмыс істейтін Әйгерім Нағашыбайқызымен келіспеске шара жоқ. Баланың нәзік жанын терең түсіну үшін, оның ынта-ықыласын күшейту үшін, қызығушылығын арттыру үшін, азамат болып қалыптасуы үшін тәрбиеші-мұғалімдердің алдында үлкен-үлкен игі істер тұр. 

Еліміздің өркениетті дамуы білімді жастардың қолында. Әлемдік тарихта дербес білім беру жүйесінен айырылу кейбір ұлттық мемлекеттердің жойылуына әкеп соққан себептердің бірі ретінде келтіріледі. Яғни, халықтың, елдің болашағы, оның рухани, интеллектуалдық даму бағыты оқу жүйесіне, білімнің сапасына, білім беру мекемелерінің жай-күйіне тікелей байланысты.  Білім адами капиталдың ең басты құндылығына айналып отырған ХХI                   ғасырда түлектерге қойылатын талап – олардың интеллектуалдық даму деңгейі, білім сапасы жоғары болуы. Осы мақсатта елімізде жалпы білім беретін оқу жүйесінде соңғы жылдары небір ауқымды реформа жүзеге асырылуда. 

Жақсы нәтижелерге қарамастан, қазіргі білім беру жүйесі жаңғыртуды қажет етеді. Еліміздегі бүгінгі бала, ертеңгі маман ХХІ ғасыр жағдайында табысты және бәсекеге қабілетті болу үшін, ол еңбек нарығында талап етілуге тиіс. Қазіргі білім беру жүйесі түлекке тек күнделікті мәселелерді шешуге ғана мүмкіндік бермеуі керек, тереңірек зерделеуге күш салуы тиіс. Неғұрлым күрделі мәселелерді шешу үшін классикалық білімнен өзге, балаларда сыни ойлау, шығармашылық ойлау, қарым-қатынас жасай білу, командада жұмыс істей білу дағдыларын дамыту қажет. Балалардың бойында  әуестікті, бастамашылдықты, табандылықты, көшбасшылық қасиеттерді, әлеуметтік және мәдени байлықты жетілдіру керек. «Білім сапасын көтереміз десек, іргелі және қолданбалы ҒЗЖ-ның толық әрі нәтижелі жүргізілуін қамтамасыз етуіміз қажет.  Білім сапасын көтеру үшін бүкіл жұмыс жүйелі түрде атқарылуы тиіс. Ғылыми мекемелер мен орталықтар, жоғары оқу орындары, колледждер, мектептер, ғалымдар мен ұстаздар, оқу әдебиеті авторлары мен баспалар жұмыла отырып және олар бір-бірінің атқарған жұмыстарын бірлесе талқылап, қажетті шешім қабылдап отырғанда ғана нәтиже болады» депті Қазақстандағы     салыстырмалы педагогика және оқулық сапасы мониторингі бағытының негізін салушы, Педагогика ғылымдары академиясының президенті Асқарбек Құсайынов бір сұхбатында.   

НАҒАШЫБАЙ ҚАБЫЛБЕК
02.03.2023

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: САУРАН АУДАНЫНДА КҮЗГІ КӨШЕТ ЕГУ ЖҰМЫСТАРЫ АЯҚТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 03.12.2024 128
ТҮРКІСТАН: Р.СЕЙТМЕТОВ АТЫНДАҒЫ ТЕАТРДА БИЫЛ 130-ҒА ЖУЫҚ ҚОЙЫЛЫМ ҚОЙЫЛҒАН
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі - 03.12.2024 15
МӘСКЕУДЕН ТҮРКІСТАНҒА НҰРТАС ОҢДАСЫНОВТЫҢ ШАПАНЫ МЕН КІТАПТАРЫ ӘКЕЛІНДІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 03.12.2024 60
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ КӨРСЕТУДЕН НЕГІЗСІЗ БАС ТАРТУҒА ЖОЛ БЕРІЛМЕЙДІ
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 03.12.2024 56
ТҮРКІСТАНДЫҚ ДЕЛЕГАЦИЯНЫҢ ТҮРКИЯҒА ІССАПАРЫ БАРЫСЫНДА 9 МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 03.12.2024 41
Батыс Қазақстан: Тарихи мекенге сапар
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Орал-Хан ордасы-Орал - 30.11.2024 461
Ауылшаруашылығын өркендеткен ауқымды істер
Голрох ЖЕМЕНЕЙ, Маңғыстау облысы - 29.11.2024 428
Сыр өңіріндегі өрісті істер
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 28.11.2024 453
Тал түсте Шығысты қараңғылық бастырған «бір сағаттық белдеуге қарсымыз» дейді халық
Дәулетбек БАЙТҰРСЫНҰЛЫ, экспедицияның мүшесі, «Мөлдір бұлақ» журналының Бас редакторы - 28.11.2024 444
МӘСЛИХАТ МЕРЕЙТОЙЫ – ЖАҢАРУДЫҢ ЖАРҚЫН ҮЛГІСІ
С. КӘРІПБАЕВ, Абай облысы - 28.11.2024 443
 Павлодарда бірнеше зауыт салу жоспарлануда
Тілеуберді САХАБА, Павлодар облысы - 28.11.2024 459
 Қала бюджеті артып отыр
Ш.МЕКЕНБАЙҰЛЫ, Шымкент қаласы - 28.11.2024 449
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 643

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9685
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 9064
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 12298
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 10069
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 11278