«Рентгенологиялық зерттеулердің адам денсаулығына әсері»

 «Рентгенологиялық зерттеулердің адам денсаулығына әсері»

Бүгінгі таңда рентгенологиялық зерттеулер медицинаның ажырамас бөлігіне айнала отырып,  рентгенологиялық зерттеулер ауруды дер кезінде анықтауыдың ең тиімді әдістерінің бірі болып саналады. Олар өкпе ауруларын, сүйек сынуын, буын патологияларын және көптеген дерттерді ерте анықтауға мүмкіндік береді. Ауруды уақытында анықтау - тиімді емнің алғашқы қадамы. Сондықтан дәрігерлер бұл зерттеуді нақты қажеттілік болған жағдайда ғана  тағайындайды. 

Дегенмен, халық арасында «рентген ағзаға өте зиян» деген пікір жиі кездеседі. Сондықтан рентгенологиялық зерттеулердің пайдасы мен ықтимал әсері туралы дұрыс ақпарат беру маңызды.

Рентген аппараты иондаушы сәулелену арқылы жұмыс істейді. Иондаушы сәулелену белгілі бір мөлшерден асқан жағдайда ғана адам ағзасына кері әсер етуі мүмкін. Дәрігердің көрсетілімі бойынша бір немесе бірнеше зерттеуден өту көп жағдайда денсаулыққа қауіп төндірмейді. Дегенмен, рентген сәулесі - иондаушы сәулелену көзі. Яғни, ол ағзаға әсер етіп, оның құрылымын өзгертуі мүмкін. Сондықтан, оны себепсіз немесе дәрігердің нұсқауынсыз жиі жасатуға болмайды. Бірақ қазіргі заманауи цифрлық рентген аппараттарында сәулелену мөлшері барынша төмендетілген, сол себепті бір реттік зерттеу денсаулыққа айтарлықтай зиян келтірмейді. Дегенмен, әрбір зерттеу нақты медициналық көрсеткіш бойынша жүргізілуі тиіс. Бұл артық сәулеленудің алдын алудың ең тиімді жолы.    

Қазақстан Республикасында «Халықтың радиациялық қауіпсіздігі туралы" 1998 жылғы 23 сәуірдегі №219 Заңына сәйкес халықтың радиациялық қауіпсіздігі қамтамасыз етіледі және «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне, сонымен қатар Денсаулық сақтау Министрінің ҚР ДСМ-275 бұйрығының «Радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларына сәйкес рентгенологиялық зерттеулер тек радиациялық қауіпсіздік және санитариялық талаптарын сақтай отырып қолданылады. 

Рентгенологиялық зерттеулер тек нақты медициналық көрсеткіш болған жағдайда ғана жүргізіледі, ал алынатын сәулелену дозасы мүмкіндігінше ең төмен деңгейде болуы қажет. Әсіресе жүкті әйелдер мен балаларға рентгенологиялық зерттеулер ерекше сақтықпен тағайындалады. Қажет болған жағдайда қорғасыннан жасалған арнайы қорғаныш құралдары пайдаланылады және сәулелену дозасы барынша азайтылады.

Осыған орай тұрғындарға төмендегі қарапайым кеңестерді ұсынамыз:

- рентгенге тек дәрігердің жолдамасы бойынша түсіңіз;

- бұрын жасалған рентген нәтижелерін сақтап, дәрігерге көрсетіңіз;

- қажетсіз қайталанатын рентгенологиялық зерттеулерден аулақ болыңыз;

- рентгенологиялық зерттеу кезінде медицина қызметкерлерінің нұсқауларын қатаң орындаңыз (қорғаныш алжапқыш кию т.б.). 

Қорытынды: рентгенологиялық зерттеу - қауіпті емес (радиациялық  қауіпсіздік және санитариялық талаптарын сақтаған жағдайда), керісінше көптеген ауруларды ерте анықтауға мүмкіндік беретін тиімді диагностикалық әдіс. Ең бастысы - оны негізсіз қолданбау және қолданыстағы санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтау.

Денсаулық - әр адамның ең үлкен байлығы. Өз денсаулығыңызға жауапкершілікпен қарап, дәрігер кеңесін орындаңыз.

 

 

 

Алматы қаласы

Наурызбай ауданының

санитариялық-эпидемиологиялық

бақылау басқармасының басшысы                                         В.Конеева

 

 

Алматы қаласы

Наурызбай ауданының

санитариялық-эпидемиологиялық

бақылау басқармасының бас маманы                                     Ш.Умиркулова

 

 

 

22.07.2026

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 26521
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 25949
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 43342
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 39141
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 43749