Республика күні салтанатты түрде аталып өтті

Республика күні салтанатты түрде аталып өтті
Республика күнін тойлау біз үшін бір ғанибет. Қазақстан жыл өткен сайын өзіне сенімді, ұлттық дәстүрлерін заманауи дамумен ұштастыра білген мықты мемлекетке айналып келеді. Қазақстан - Еуропалық Одақтың өте маңызды серіктесі және экономикалық тұрғыда Орталық Азиядағы жетекші мемлекет.
Осы мереке қарсаңында, бүгін қаладағы Баласағұн мәдениет сарайында 25 қазан – Республика күніне арналған салтанатты мерекелік іс-шара өтті.
Облыс әкімі Ербол Қарашөкеев көпшілікті мерекемен құттықтап, облыстың дамуына еңбек сіңірген азаматтарды мерекелік наградалармен марапаттады. Айта кетсек, әріптесіміз Алтынбек Талғатбек Көпбосынұлы ұжымда еңбегі еленген және өңірдің дамуына елеулі үлес қосқан облыс әкімінің қолынан «Құрмет грамотасы» наградасымен марапатталды.
Сонымен қатар, бұл қуанышты сәт ұжымда жалғасты, мекеме басшысы Нұржас Құрмантаев бірқатар қызметкерлерді ветеринариялық саланың дамуына қосқан үлесі үшін түрлі наградалармен марапаттап, жемісті бірлескен еңбек тіледі.
Ветеринария Басқармасы
24.10.2023

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 14356
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 14285
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 29427
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 28063
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 31592