Республикалық ақындар айтысынан жүлдемен оралды

Республикалық ақындар айтысынан жүлдемен оралды
Республикалық «Алтын домбыра» айтысында жамбылдық Алина Айдаралы арнайы жүлдеге қол жеткізді
Елордада “AMANAT” партиясының қолдауымен «Еңбек – ел ырысы» атты аламан айтыс мәресіне жетті.
Екі күн бойы Астана төрін жыр дүбіріне бөлеген сөз барымтасында бас-аяғы 16 ақын өнер көрсетті. Олардың қатарында «Алтын домбырадан» үмітті талай додаларда дес бермеген, шашасына шаң жұқпаған айтыскерлер айтыс аламанының көрігін қыздырды.
⚡️Айтулы сында қазылар алқасының шешімімен бас жүлдені қарағандылық Мақсат Аханов иеленді. Оған «Алтын домбыра» және автокөлік табысталды.
🔰Ал, I орын және «Айтыс ақтаңгері» атағы Мейірбек Сұлтанханға, II орын Аспанбек Шұғатайға бұйырды. III орынға Төлеген Жаманов пен Жансая Мусина лайық деп танылды.
⚡️Дуы басым бұл айтыста біздің өңірдің намысын шынашақтай ғана қарындасымыз, не бары 11 сынып оқитын Алина Айдаралы қорғады. Сөзі мірдің оғындай өткір аға-әпкелерімен сөз таластырып, мықтылығын дәлелдеген Алина арнайы жүлдеге ие болды. Айтыстағы бәсі биік саналатын «Алтын домбыра» айтысында мұндай жетістікке жету үлкен абырой.
Жамбыл ауданы әкімдігі
13.11.2023

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 14387
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 14310
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 29453
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 28086
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 31619