Робототехника – заманауи білім беру бағыты

Робототехника – заманауи білім беру бағыты

Робот техникасы – бұл адам іс- әрекетінің түрлі зияткерлік автоматтандырылған техникалық жүйелерді іске асыру үшін пайдаланылатын қолданбалы ғылым.

Робототехникамен жұмыста оқытушы студенттерге инженерлік бағдарламалауды жасай алуына, өз бетімен дербес бағдарламаларды құрастырып, оларды іске асыруына бағыт-бағдар береді. Заман өзгерген сайын қоғам дамып, дүниеге түрлі жұмыстар, сәйкесінше, түрлі мамандықтар келді. Соның бірі – Қазақстанда қарыштап дамып келе жатқан робототехника және мехатроника білім бағдарламасы бойынша дайындалатын мамандықтар.

Қазіргі таңда интернет желісінде робот туралы ақпарат жеткілікті. Жаңалықтарға сүйенсек, 2030 жылға таяу адам санасымен тепе-тең нанороботтар шығармақшы. Бұдан жасанды интеллекттің болуы сөзсіз екенін көріп отырмыз. Себебі, роботтарға кез келген мәселені талдау және шешім қабылдау қабілеті қажет. Заман ағымынан қалып қоймай біз де робототехниканы өзіміз де үйреніп, сонымен бірге біздің «Автоматтандыру және телекоммуникация» кафедрасында робототехника үйірмесін ашып, үйретуге де кірісіп кеттік. Кафедрада жыл сайын робототехника бойынша түрлі қалалық, облыстық конкурстар, сайыстар өткізіліп, оқушылар, колледж, ЖОО студенттері бір-бірімен ғылыми- техникалық идеялар, техникалық ақпарат және инженерлік білімдерімен алмасуда.

Жуырда «Автоматтандыру және телекоммуникация» кафедрасының ұйымдастыруымен IV облыстық робототехника және мехатроника саласы бойынша өтті. Байқауда облыстағы мектеп, колледж оқушылары көбінесе информатика курсы бойынша пән мұғалімдерінің үйретуімен роботты техниканың негізі Lego Mindstorms EV3 және Arduino микроконтроллерінің құрылғыларын қолданып, роботтарды модельдеу және бағдарламалау жұмыстарын, құрастыру дағдыларын көрсетті.

Байқау бағдарламасында роботтар сайысы, қолданбалы роботтарға арналған ерекше бағдарламаларды жобалау және әзірлеу жолға қойылды. Жүлде ретінде роботтар мен олардың құрамдас бөліктерін жасайтын конструкторлар таратылды.

Байқаудың мақсаты – еліміздегі орта және жоғары білім беру жүйесіндегі жалпы ғылыми-техникалық прогрестің, оның ішінде робототехниканың жетістіктерін насихаттау. Байқау үш аталым бойынша өтті.

– жылдам жарыс;

– мини-сумо 10х10;

– роботты құрылғыларды ерекше нұсқалары бойынша жасау.

Мини-сумо 10х10 аталымы бойынша I дәрежелі диплом – Мирас Курмонов, Темірлан Мейрамбекке бұйырды.

Жылдам жарыс номинациясы бойынша I дәрежелі дипломға Арлан Әлімқұл, Бекнұр Айхынбек ие болды.

Роботты құрылғыларды ерекше нұсқалары бойынша жасау аталымында I дәрежелі дипломмен Іңкәр Тұрғын, Алуа Макулова марапатталды.

IV облыстық робототехника байқауының қорытындысы негізінде 6B07122 – «Басқару жүйелеріндегі автоматтандыру және ақпараттандыру» немесе 6В06211 – «Көп арналы талшықты оптикалық желілер мен жүйелер» білім бағдарламалары бойынша Ғ.Мұратбаев атындағы №17 орта мектебінің 11-сынып оқушысы Арыстан Садыковқа барлық оқу кезеңіне тегін оқу құқығы берілді. Арыстанның ғылыми жобасының тақырыбы – «Адам миын имитациялайтын автоматтандырылған жасанды интеллект». Жасанды интеллект – адам миының қасиеттерін меңгерумен тығыз байланысты. Ғалымдар ми жұмысының қағидаларын түсінген кезде жасанды интеллект құру міндетті түрде орындалатын әрекетке айналды. Оқыту, ойлану және шешім қабылдау кезінде адам миында орын алатын әрекеттерді қайталайтын машинаны жасау арқылы зерттеулер жүргізу.

Мұндай байқаулар мен дағдылар әрбір қатысушыға инженерлік, нұсқаушылық, шығармашылық идеяларды іске асыру және өз әлеуетін көтеруге мүмкіндік береді.

 

Айман ӘБІЛДАЕВА, М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті, «Автоматтандыру және телекоммуникация» кафедрасының аға оқытушысы.
11.05.2023

Ұқсас жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ БҰЗЫЛМАУЫ ТИІС
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 26.11.2024 40
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 155
САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 61
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 192
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 56
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 188
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 155
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 301
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 300
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 519
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 472

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9175
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8573
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11801
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9571
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10781