Ұлыстың Ұлы күні қарсаңында атап өтілетін «Жайлау» күніне күніне орай «Рухани керуен» жобасы аясында Байзақ ауданынан аттаған өнерпаздар, қол өнер шеберлері және қоғам белсенділері бастаған топ өкілдері Талас ауданына келіп жетті.
Делегация құрамын «Рухани жаңғыру» облыстық фронт-офисінің басшысы Ринат Нұрақбаев, «Шерхантану» руханият орталығының директоры Сауран Қалиев және Байзақ ауданы әкімінің орынбасары Дәулет Дәуір бастап келді.
Игі шара аясында жолға шыққан керуенді таластықтар әсем әнмен қарсы алып, мерекелік лебіздерін білдірді. Бұдан соң Балалар өнер мектебіне бас сұққан қонақтар ұлттық саз аспаптары ансамблінің өнері мен көне жәдігерлер мен талантты оқушылардың сурет көрмесін тамашалады. Сондай-ақ, байзақтық қолынан өнер тамған шеберлер жұмыс тәжібиелерімен бөлісті.
Ал, балалар өнер мектебінің залында өткен концертте таластықтар мен қатар Байзақ ауданының әншілері де сахнаға шығып, көпшілікке мерекелік көңіл сыйлады.
Шара барысында Дәулет Рысбайұлы делегация құрамын жеке таныстырса, Сауран Қалиев, Ринат Нұрақбаев аудан жұртшылығын алдағы наурыз мерекесімен құттықтады.
Мұнан соң қонақтар жақында ашылған «Д.Қонаев» мұражайын аралып, «Жастар» саябағына ағаш көшеттерін отырғызды.
Талас ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі