Рыбакина бастаған құрамамыз әлемді бағындыруда

Рыбакина бастаған құрамамыз әлемді бағындыруда

Теннистен Билли Джин Кинг кубогінің командалық әлем чемпионаты іріктеу кезеңі аясында Қазақстан, Польша құрамасын жеңіп, әлем біріншілігіне жолдама алды. Қазақстанның бірінші, әлемнің 7-ракеткасы Елена Рыбакина бастаған топ алғашқы күні-ақ сенімді жеңістермен бастап, 2-0 есебімен алға шықты. Алғашқы ашылу ойынында Юлия Путинцева Магда Линеттпен кездесіп, Қазақстанды алға шығарды. 2014 жылдан бері құрамада ойнайтын Юлия Путинцева Магда Линеттпен матчта 18-жеңісіне қол жеткізді. Бұл – Қазақстан құрамасы тарихындағы жекелей сындағы ең үздік көрсеткіш. Ярослава Шведова мен Зарина Диястың еншісінде 14 жеңістен бар. Ал екінші ойында қазақстандық жанкүйерлердің асыға күткен кездесуі Рыбакина мен Фальковсканың тартысы ұзаққа созылған жоқ. Әлемнің 7-ракеткасы Елена Рыбакина Қазақстан тарихында құрамада әлемдік рейтингіде үздік ондыққа енетін ойыншы ретінде алғаш рет өнер көрсетті. Бірінші партияда есеп 4:3 болған мезетте қазақстандық теннисші брейк жасай алды. Содан кейін сетке доп бергенде, өз мүмкіндігін жіберген жоқ – 6:3. Екінші сетте Рыбакина брейкпен алға шықты. Дегенмен В.Фальковска таразы басын теңестірді – 4:4. Бұдан соң Елена брейкпен бірге матчқа доп бергенде қателескен жоқ – 6:4. Бір сағат 25 минутқа созылған бәсеке барысында Е.Рыбакина 9 эйс жасап, 6 брейк-пойнттың тең жартысын пайдаланды. Осылайша Елена еш қиындықсыз Қазақстан құрамасына екінші жеңісті сыйлады. Бұл кездесуге ҚР Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов қатысып, ойыннан кейінгі өз пікірімен бөлісіп: «Алғашқы ойын күні біздің теннисші қыздар үшін сәтті өтті. Юлия Путинцева мен Елена Рыбакина қарсыластарын жеңіп, Қазақстан құрамасын екі ұпай басымдықпен есепте алға шығарды. Поляк теннисшілерін ұту оңай болған жоқ. Спортшыларымыз жеңіске жету үшін мінез танытып, нәтижесінде қарсыласқа бірде-бір сет бермей, Астанадағы Ұлттық теннис орталығының трибуналарын толтырған көрермендерді қуанышқа бөледі. Кездесу аяқталғаннан  кейін  мен қыздар  құрамасымен кездесіп, алдағы ойындарға сәттілік тіледім. Теннисшілерімізді қызу қолдаған жанкүйерлердің арасында балалар көп болғанын байқадым. Оларға кумирлерінің өнерін тамашалау ұмытылмас әсер сыйлағаны анық. Бүгінгі ойын оларды спортпен шұғылдануға ынталандыратынына сенімдімін», – деді. 

Екінші күннің алғашқы кездесуінде Рыбакина әлемнің 19-ракеткасы Магда Линеттпен айқасты. Алғашқы күні 2:0 есебімен алға шыққандықтан, Қазақстан құрамасына командалық әлем чемпионатына жолдама алу үшін енді бір ғана жеңіс жеткілікті еді. Сол жеңісті Лена Қазақстанға сыйлады. Бірінші партияда есеп 4:4 болған мезетте Рыбакина брейк жасап, сосын сетке доп бергенде, өз мүмкіндігін жіберген жоқ – 6:4. Екінші сетте қазақстандық спортшы 2:0 есебімен алға шыққанмен, Линетт таразы басын теңестірді. Дегенмен, Елена қайта брейк жасап, өз геймін алды – 4:2. Содан кейін бірінші матчболын пайдалана білді – 6:2. Осылайша, Қазақстан Польшамен матчта 3:0 есебімен алға шығып, әлем чемпионатының финалдық кезеңіне жолдама алды. Матчтан соң Елена Рыбакина барлық жанкүйерлер мен командасына алғысын білдірді. «Жеңісімізді барлық қазақстандықтарға арнаймын, Польшамен матч қиын болды. Шаршағаным сондай, шынымды айтсам, бәсекеден кейін сұхбат бергенде, сұрақты түсінбей қалдым. Кешегідей емес, бүгін өзімді ширағырақ сезіндім. Дегенмен Америкадан Еуропаға, одан Астанаға ұшып келудің әсері сезілді. Келесі жарыстарда қалпыма келемін деп үміттенемін, – деді Елена Рыбакина. Екінші күні құрметті қонақтардың арасында ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев пен Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек ойынды тамашалағанын байқауға болады. Сондай-ақ марапаттау рәсімінен кейін Қазақстан Теннис Федерациясының президенті Болат Өтемұратов өз пікірімен бөлісті. «Біздің ұлттық құраманы Билли Джин Кинг кубогы іріктеу кезеңі аясында Астанадағы жеңісімен және әлем чемпионатының финалдық кезеңіне шығуымен құттықтаймын. Тартысты бәсекеде Польша командасын ұтқан Қазақстан құрамасы өзінің жоғары деңгейін тағы бір мәрте көрсетті. Әлемнің үздік ондығына енетін күшті командалардың бірі екендігін дәлелдеді. Жұлдызды ойыншылар Елена Рыбакина, Юлия Путинцева және Анна Данилинамен бірге Қазақстан құрамасы сапында жастар Жанель Рүстемова мен Аружан Сағындықова, сондай-ақ тәжірибелі Гөзал Айнитдинова өздерін көрсетті. Мен жеңіспен тағы да құттықтап, спортшыларымызға алдағы әлем чемпионатында бұдан былай да сәтті өнер көрсетулеріне тілектестік білдіремін», – деді ол.  Осылайша қазақстандықтар екінші рет қатарынан әлем чемпионаты – Билли Джин Кинг кубогының финалдық кезеңіне шықты. Сонымен қатар Ұлттық құрамалар арасында жаңартылған әлемдік рейтингіде Қазақстан командасы  9-орынға көтеріледі.

 

РАУАН МУТАИР
21.04.2023

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 111
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 110
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 626
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 744
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 656
Аспан таулар етегіндегі  еңбекқор жандар
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ, Асым СУЛАЙМАНОВ, Алматы облысы - 13.11.2024 667

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8804
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8203
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11429
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9183
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10414