Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының С. Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық академиялық қазақ драма театрында «ҰЛТҚА ҚЫЗМЕТ» (авторы -К.Жүнісов; қоюшы-режиссер-А.Салбанов) - Қазақстан тарихының 30 жылдық мерейтойына арналған тарихи драманың тұсаукесері өтті.
Ұлттық рухымызды күшейтіп, ұрпақты отан сүйгіштікке тәрбиелейтін туынды, ерлік пен елдікті танытады. Шиеленіскен оқиғалар режиссерлық тың шешімдер арқылы шарықтау шегіне жетеді. Ұлт-азаттық қозғалысы көсемдерінің азаматтық тұлғасы актерлық шеберлік арқылы көрерменге жол тартады. Бұл Алаш тақырыбын кең ауқымда қамтыған тұңғыш қойылым.