Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы негізінде биылдан бастап «Аңсаған сәби» әлеуметтік бағдарламасы жүзеге аса бастады. Оның мақсаты – қосалқы репродуктивтік технологиялардың көмегімен шиеленіскен отбасылық-демографиялық проблемаларды шешу.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша, осы репродуктивті технологияның нәтижесінде тиімділік 45-60 пайызды құрайды. Бұл көрсеткіш біздің елімізде орта есеппен 15 пайыздан 42 пайызға дейін өскен. Бала туу фактісі бойынша емдеу тиімділігінің көрсеткіші 30 пайыздық деңгейде. Бұл Еуропа елдеріндегі ең жақсы деген клиникалардың көрсеткішіне сәйкес келеді.
Қазақстанда биыл бөлінетін квота саны жеті мыңға дейін өсті. Бұл квоталарды беру айғақтарды кеңейтуге және оларды алу үшін кезекті едәуір қысқартуға мүмкіндік береді. Айта кету керек, ЭКҰ-ға дайындық жүргізетін қалалық перинаталдық орталықтың консультативті-диагностикалық блогы жетекші медициналық ұйым ретінде бекітілді. Онда 2018 жылдан бастап «Бедеулік мәселелері жөніндегі Кабинет» жұмыс істейді. Сондай-ақ, ҚРТ үшін квоталарға кезектілікті ұсынудың ашықтығын және пациенттерді клиникаларға уақтылы жіберуді бақылауды қамтамасыз ету, мониторинг жүргізу мақсатында өңірлік комиссия құрылып, бекітілген.
Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасының мәліметіне сәйкес, квота алған әйелдер өз қалауларынша еліміздің үш мегаполисінде орналасқан репродукция орталықтарын таңдауға мүмкіндігі бар. Оның ішінде 4 репродукциялық орталық Шымкентте орналасқан. Ол «Экомед-Шымкент», «Эко – Шымкент орталығы», «Доктор Тарарака Шымкент орталығы», «Шымкент репродуктивті медицина институты» ЖШС-лары.
Шымкенттік клиникалар бұл бағытта жоғары нәжиге қол жеткізуде. Атап айтқанда, Экомедке 177 квота бөлінсе, оның 22-сі жүкті, 120 – дайындықта. Эко–Шымкентке 129 квота бөлінсе, оның 40 – жүкті, 71 – дайындықта. Доктор Тараракада 25 квота, оның 4 жүкті, 7 дайындықта. Алматы қаласындағы «Персоны» клиникасына 4 квота, оның біреуі дайындықта. Нұр-Сұлтан қаласындағы «ННЦМД» – 1 квота, қазір жүкті. «МЕДИННОВАЦИЯ-АСТАНА» клиникасына 2 квота, оның біреуі жүкті.