Садақ атудан жарыс өтті

Садақ атудан жарыс өтті

Бүгінгі таңда бағаға бақылау жасау қиындап барады. Кез келген заттың құнында күнде өзгеріс. Соның ішінде күнделікті тұтынатын азық-түлік тауарлары да бар. Осы олқылықтың алдын алу, яғни асау бағаға тұсау салу үшін Түркістан қаласында тұрақтандыру қоры жұмыс істейді. Қор жұмысы жайында жуырда «Түркістан» ӘКК БАҚ өкілдері үшін баспасөз турын ұйымдастырды. 

Тур барысында эко базар (жәрмеңке),  әлеуметтік дүкен және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына арналған сөрелері бар ірі супермаркеттердегі азық-түлік бағасын тұрақтандыру барысы сараланды. Таратып айтар болсақ, облыс орталығында халыққа әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын ұсынатын 13 әлеуметтік дүкен жұмыс істейді. Сонымен қатар 5 сауда орындарында, атап айтсақ «Дастархан», «Шапағат», «Береке», «Бәйтерек», «Дәулет» супермаркеттерінде әлеуметтік маңызды тауарларға арнайы сөрелер  ұйымдастырылған. «Бұдан басқа аудан, қала әкімдіктерімен бірлесіп, эко базар аумағында әр жұма сайын ауылшаруашылығы азық-түлік тауарларының жәрмеңкесі өткізіледі. Әлеуметтік тауарлардың бағасы дүкендер мен супермаркеттердегі арнайы сөрелерде нарық бағасынан 10-20 пайызға төмен саудалануда. Егер кәдімгі дүкендерде картоптың нарықтық бағасы 200-250 теңге шамасында болса, тұрақтандыру қорының сөрелерінен картоп, сәбіз бен қырыққабаттың келісін 100 теңгеге, пиязды 70 теңгеге, қантты 80 теңгеге алуға болады. Сондай-ақ 1 санаттағы жұмыртқаның бір данасы 32 теңге болса, күнбағыс майы – 690, қарақұмық – 425, рожки – 186, тауық еті – 870 теңгеден сатылады. Жалпы жыл басынан бері тұрақтандыру қоры арқылы әлеуметтік павильондар, жәрмеңкелер және көшпелі сауда арқылы  367,8 тонна тауар сатылды», – деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

«Түркістан» ӘКК тұрақтандыру қорының директоры Лаура Жанасбаеваның айтуынша, қазіргі уақытта тұрақтандыру қорының қоймаларында 5,7 тоннадан астам тауар, оның ішінде ұн, картоп, пияз, қант, күріш, макарон, тұз және тағы басқа өнімдер сақтаулы екен. Осы қордың арқасында азық-түлік бағасын тұрақты ұстап отыруға мүмкіндік бар. 

Тілеуберді САХАБА
11.11.2021

Ұқсас жаңалықтар

БАЛА ӨЛІМІНЕ БЕЙ-ЖАЙ ҚАРАУ – БОЛАШАҚҚА ОПАСЫЗДЫҚ ЖАСАУ
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері - 26.09.2025 350
22 ЖЫЛДЫҚ ТАРИХЫ БАР ЖИЫН НЕСІМЕН ҚҰНДЫ?
Нағашыбай Қабылбек - 25.09.2025 339
Бас жоспар   жарты млн тұрғынға арналған
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы (Облыс әкімінің баспасөз қызметінің мәліметі негізінде дайындалды) - 25.09.2025 199
Пәкістаннан пана таппаған қазақтар
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 25.09.2025 495

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 18252
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 18111
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 33301
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 31852
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 35568