Соноу 1945 жылы 8 мамыр күні байырғы” Талас” кеңшарынан еншісін алып, отау тіккен “Түгіскен” кеңшары Жамбыл облысындағы ең іргелі шаруашылыққа айналған. Дала төсінде 60 мың қой өсірді, табысы мен даңқы алысқа кетті.
…біз 1995 жылы кеңшардың 50 жылдығына орай “Сағасында Таластың бір ауыл бар” деген кітап жазғанбыз.
Қазір бір-бірімен жалғасып жатқан Үшарал мен Түгіскен (“Тоғызкент” деп атайды, бізге бұрынғысы қымбат) ауылдары ежелден аралас-құралас. Бірін-бірі іздеп тұратын ағайынды қоңыр қаз секілді. “Үшаралдан ұшып шығып, Түгіскенде түлегенбіз!” дейміз.
Мұның алдында Таластың Үшаралының ғажайып көркін кестелеп, салып едік. Атақты профессор ағамыз Сағат Мырзашев “Түгіскен қайда?”деп жылы шуақты ой тастаған-ды.
Тарихи Талас пен саялы Сарысудың көзайым мақтанышы Түгіскен ауылына күндіз барғанда телефон-фото назарына іліккен ғимараттар мен көше көркі міне, былай көрінді.
Бұл менің ауылым! Берекелі, ынтымақты және адалдыққа ықыласты қазақ ауылы.
Суреттерде: Танымал тұлға Сапақ датқа Жаншуақұлы, орта мектеп, мешіт, мәдениет үйі, балабақша,тұрғын үйлер, демалыс алаңы-бағы, көше бойы…