САЙЛАУ – ҚОҒАМ ӨМІРІНІҢ АЙНАСЫ

САЙЛАУ – ҚОҒАМ ӨМІРІНІҢ АЙНАСЫ

Мемлекет Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қаулысымен  Мәжіліс және мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауы биылғы 19 наурызға тағайындалған болатын. Сайлаудың барысын бақылау үшін Тараз қаласындағы №12 Керімбай атындағы мектеп-гимназиясында орналасқан №59 сайлау учаскесіне бардық. Бұл учаскеден Әйтеке би көшесіндегі №17-37, №10-30«А» үйлерінің және Әйтиева көшесіндегі №6-10, Желтоқсан көшесіндегі №69«Б»-73, №80-118, Қазыбек би көшесіндегі №144«А», 115-143, Қолбасшы Қойгелді көшесіндегі №171-233, Қонаев көшесіндегі №60-78 және Қайназаров көшесіндегі үйлердің тұрғындары дауыс береді. Ерте азанда басталған сайлауға келішулердің қарасы кешке дейін үзіңлмеді. Сайлаушылардың арасынан облысымызға кәсіби білгірлігімен танымал дәрігер-хирург Сағындық Ордабековты кездестірдік. 

– Еліміздің президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халқымыздың әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсарту мақсатында Парламент Мәжілісінің және мәслихаттардың қызметін тоқтатып, кезектен тыс  сайлау өткізу туралы шешім қабылдады. Сөйтіп, елімізде сайлау алдындағы үгіт-насихат  жұмыстары бір айға жалғасты. Тіркелген партия өкілдері мен өздерін депутаттыққа ұсынған үміткерлер халыққа бағдарламаларын таныстыру іс-шараларын өткізді. Үміткерлердің қатарында елге танымал, беделді де белсенді, халыққа жаны ашитын, саяси сауатты, мемлекетшіл әрі ұлтжанды жандардың бар екенін көріп, оларға сенім артып, келешектен зор үміт күтудеміз. Зерделеп көрсек, жаңадан тіркеліп, сайлау бәйгесіне «Республика», «Байтақ» партиялары қосылғаны елімізде демократиялық белсенділік арта түскенін көрсетеді. Халық бұл сайлаудың ашық және әділ өткеніне сенеді деп ойлаймын. 

 Депутаттық мандатқа ары таза, пейілі ақ, мемлекетшіл, халықтың жайын түсінетін, елге  аянбай қызмет ететін саналы, ойы түзу жан ие болсын. Сонда ғана елдегі ахуал түбегейлі түзеледі, ел-жұрт ізгі мақсатына жетеді, мемлекетіміз алдыңғы қатарлы елдер қатарына қосылады. Мен өз отбасыммен сайлауға тек осы мақсатпен қатысып, өз даусымызды бердік, – деді медицина ғылымдарының докторы, профессор, облыстың Құрметті азаматы Сағындық Ордабеков.

19.03.2023

Ұқсас жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ БҰЗЫЛМАУЫ ТИІС
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 26.11.2024 86
Таласқа ешкімнің таласы жоқ
Serik Salemov, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары - 26.11.2024 94
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 191
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 191
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 329
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 332
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 555
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 501

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9206
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8603
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11830
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9600
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10813