ШӘКӘРIМ АТАМЫЗДАН:

ШӘКӘРIМ АТАМЫЗДАН:
ШӘКӘРIМ АТАМЫЗДАН:
1. Ауру тек денеде ғана болмайды, мінезде де бар. Егер біреуден жаман мінез көрсең, оған шипа сұрап дұға қыл. Оған жабысқан кеселден сені сау қылған Аллаһқа мақтау айт.
[ШҮКІРЛІК]
2. Сырды сақтау шеберлігі жан дүниенің байлығын көрсетеді. Ішінде су тұрмайтын ыдыстың зияны секілді, сырды сақтай алмайтын адамның пайдасы кем. [АМАНАТШЫЛДЫҚ]
3. Егер əр адам қасындағы кісінің жүрегіндегін көре алса, оған жаны қатты ашитын еді. Ішкі таразының əділдігіне көзі жетер еді. Сыртқы өлшемдердің алдамшы екенін терең түсінер еді. Іштарлық, қызғаныш, көрсеқызарлыққа ұрынбас еді [ТЕРЕҢ ТҮСІНІК]
4. Құдыққа тас тастаған адам ол түбіне жетіп даусы естілгенше қарап тұрады. Сол секілді сені сөккен адамның көбісі жауабыңды күтеді. Ұстамдылықпен көркем мінез таныт. Өткізіп жібер. Құдық түпсіз екен деп ойласын.
[ТЕРЕҢ ТҮСІНІК]
5. Бəрін дұрыс жасауға қанша тырыссаң да сені қате түсінетін адамдардың табылары хақ. Əркімге бір жауап қайтарып өзіңді құр шаршатпағаның дұрыс. Дана ғұламаларымыздың бірі өзін сөккен кісіге былай деген екен: “Егер айтқаның рас болса, Аллаһ мені кешірсін. Ал, өтірікші болсаң, Аллаһ сені кешірсін”. [БАЙСАЛДЫЛЫҚ]
6. “Маған кейде бір адам бір мəселе жайлы айтады. Мен оны ол тумастан бұрын естіп қойсам да оған құлақ саламын. Кейде, бірінші рет естіп тұрғандай күй көрсетемін”. Өзің онсыз да жақсы білетін нəрсе жайлы біреу əңгімелеп жатса, оның сөзін бөлмей, білетініңді білдіріп жүрегін жараламай, көңіл бөліп, құлақ салуың мінез-құлықтың аса көркемдігіне жатады.
[КӨРКЕМДІК]
7. Адамдар саған таңқалып жатса, оған масаттанып мақтанба. Себебі, олар сенің Аллаһ жарыққа шығарған жақсы жақтарыңды ғана көріп жатыр. Ал, олар сенің Аллаһ жасырған жаман жақтарыңнан хабарсыз болғанына шүкір де.
[АЛЛАҺ КЕМШІЛІКТЕРДІ ЖАСЫРУШЫ]
8. Егер сөз шынымен жүректен шыққан болса, онда ол міндетті түрде жүрекке кіреді. Ал, ол тек тілден шыққан болса, құлақтан ары аспайды.
[ШЫНШЫЛДЫҚ]
9. Дұрыс нəрсені тез танып, жүрекпен түсініп, шынайы жанашырлықпен айтпасаң, ісің бекер.
[МЕЙІРБАНДЫҚ]
10. Адамдар сенің сыртыңа қарайды, Жаратушың ішіңмен, жан дүниеңмен бағалайды. Пенделер үшін сыртыңды ғана əдемілеумен əуре боп, ішкі əлеміңді ұмыт қалдырып, ластап алма.
[ТАҚУАЛЫҚ]
11. Кезінде “керең Хатим” деген ғұлама өмір сүрген екен. Бір күні оған бір кісі келіп, бір мəселе жайлы жауап сұрайды. Сол-ақ екен əлгі кісі байқаусызда жел шығарып қояды. Сол кезде Хатим естімегенсіп: Даусыңды жоғары көтеріп сөйлеші, дейді. Келген кісіге өзін керең секілді сездіртеді. Осылайша, басқалардың қателігінен құлағын тыйған ол – “Хатим керең” деген атпен тарихта қалған екен.
[КӨРКЕМ МІНЕЗ]
12. Көздер ұмытпасын десең, əдемі киін.
Көңілдер ұмытпасын десең, көркем мінезді бол.
[ІШКІ СҰЛУЛЫҚ]
13. Адамдардың біразы өміріңді сенен бірнəрсе үйрену үшін бақылайтын болса, басқа бір бөлігі қателіктеріңді теру үшін аңдиды. Екі топ та саған таң. Бірі махаббатпен, екіншісі іштарлықпен.
[ЗЕРЕК БОЛ]
*Біреудің мінін тергенше,
*Жамандығын көргенше,
*Өз ойыңды мазалап,
*Өз бойыңды тазалап,
*Өзіңмен алыс өлгенше!
26.07.2023

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 59
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 584
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 699
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 613
Аспан таулар етегіндегі  еңбекқор жандар
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ, Асым СУЛАЙМАНОВ, Алматы облысы - 13.11.2024 622

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8758
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8158
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11387
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9141
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10372