САЛА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ӨЗАРА БАҚ СЫНАДЫ

САЛА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ӨЗАРА БАҚ СЫНАДЫ
Бүгін Төле би Әлібекұлының 360 жылдығына орай волейболдан турнир ұйымдастырылды. Мемлекеттік қызметкерлер мен құқық қорғау саласының өкілдері қатысқан додада 7 команда өзара бақ сынады.
Тартысқа толы жарыста құрама командалар жеңіске жету үшін барын салып, әдемі ойын өрнегін көрсете білді. Нәтижесінде, аудан әкімі аппаратының жастар командасы жарыс жеңімпазы атанса, аудандық полиция бөлімі екінші орынға табан тіреді. Ал ардагерлерден құралған команда үшінші орынды қанжығалады. Барлық жүлдегерлер мен үздік ойын өрнегін көрсеткен қатысушылар бағалайы сыйлықтармен марапатталды.
Жарысты өткізудегі мақсат - аудан тұрғындарын, оның ішінде салалық қызметкерлерді салауатты өмір салтын ұстануға баулу, бос уақыттарын спортқа арнау болғанын да айта кеткен жөн. Дәл осындай спорттық шаралар алдағы уақытта да ұйымдастырылып, дәстүрге айналатын болады.
Бақытжан Жәнібеков, Шу ауданының әкімі
06.11.2023

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 14369
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 14296
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 29438
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 28074
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 31605