САЛАҒА 100 МЛРД. ТЕҢГЕДЕН АСТАМ ҚАРЖЫ БӨЛІНБЕК

САЛАҒА 100 МЛРД. ТЕҢГЕДЕН АСТАМ ҚАРЖЫ БӨЛІНБЕК
Бұл туралы бүгін басқарма басшысы Нұрби Жігітеков өзінің қорытынды есебінде айтты. Облыс әкімінің орынбасары Қанатбек Мәдібектің төрағалығымен өткен жиында спикер өткен жылы агро салада атқарылған жұмыстарды баяндап, 2023 жылға арналған жоспарлармен бөлісті.
Сонымен биыл ауыл шаруашылығы саласын дамытуға 21,9 млрд. теңге қаржы қарастырылмақ және қажеттілікке байланысты қосымша 13,0 млрд. теңге жыл ішінде бюджеттік нақтылау кезінде бөлінетін болады.
Одан бөлек, «Жамбыл облысы тұрғындарының тұрмыстық табысын арттыру» пилоттық жобасын жүзеге асыру мақсатында 11,5 млрд. теңге бөлініп, бұл қаржыға 22 ауылдық округтегі 1 909 жобаны іске асыру көзделуде және қосымша жоба аясында 40 ауылдық округті қаржыландыру үшін 20,0 млрд. теңге тартылмақ.
Сондай-ақ, аймақта сүт тауарлы фермаларын құру, көкөніс қоймаларын салу, құс және балық шаруашылығы сияқты жобаларды іске асыру үшін республикалық бюджеттен несие есебінде 34,0 млрд. теңге қарастырылуда.
2023 жылы ауыл шаруашылығында 680,6 млрд. теңгенің өнімін өндіру, ауыл шаруашылығының негізгі капиталына тартылатын инвестицияны - 55,2 млрд. теңгеге, тамақ өнімдері өндірісінің негізгі капиталына салынатын инвестицияны - 4,4 млрд. теңгеге жеткізу межеленуде.
Сонымен бірге, ауыл шаруашылығы дақылдарының егістік алқабын 770,7 мың гектарға, қант қызылшасының алқабын 10,0 мың гектарға жеткізу, су үнемдеу технологияларын 57 мың гектарға енгізу және ауыл шаруашылығы техникаларын 15,0 пайызға дейін жаңарту жоспарлануда.
Биылғы жылы облыста 104,3 млрд. теңгені құрайтын 12 инвестициялық жобаларды жүзеге асырып, 785 жаңа жұмыс орындарын құру көзделіп отыр.
Жиын соңында облыс әкімінің орынбасары Қанатбек Қайшыбекұлы басқарма басшылығына, аудан әкімінің орынбасарлары мен аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшыларына егіс алқаптарының құрылымын әртараптандыруды, егін шаруашылығын сапалы тұқыммен қамтуды және егіс көлемін міндетті сақтандыруды, әр ауданда көбейтілген тұқым өндіруші шаруашылықтар ашуды, көкөніс кластерін құруды, инвестициялық жобалар жүзеге асыруды және жеке қосалқы шаруашылықтардағы қоғамдық падада тұқымдық түрлендіру жұмыстарын ұйымдастыруды тапсырды.
Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы
12.01.2023

Ұқсас жаңалықтар

АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 235
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 373
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 370
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 602
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 544

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9247
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8643
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11870
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9641
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10852