Шымкентте бұқаралық спортты дамытуға көп көңіл бөлінуде. Қала тұрғындары салауатты өмір салтын құруға бейім. Ал олар үшін спорт алаңшалары мен турникеттер орнату ісіне әкімдік баса назар аударуда. Ең бастысы – спорт нысандарының қолжетімділігіне мән берілуде. Осы мақсатта алдағы бес жылда Шымкентте 6 спорт кешені салынады. Биылдың өзінде екеуі салынып, пайдалануға берілді. Осылайша қалада 2025 жылы спортпен шұғылданушылар саны 33 пайызға жетеді деген жоспар бар. Атап айтқанда, 2021 жылы 31, 2022 жылы 31,5, 2023 жылы 32, 2024 жылы 32,5 және 2025 жылы 33 пайызға артпақ.
Шаһарда 5 жылда 80 шағынауданда спорт секциясы ашылады. 2021 жылы 37 спорт секциясы жұмыс істейтін болады. Жалпы 2021 жылы 73 спорт алаңын ашу жоспарланса, қазір 115 спорт алаңының құрылысы жүргізілуде. Айта кету керек, бір ғана Еңбекші ауданында биыл 15 спорт алаңшасы салынып, ел игілігіне беру жоспарланған. Бұл қала әкімінің жастарды спортқа баулу жөніндегі тапсырмасына сәйкес қолға алынған жоба.
Ауданда биыл 6 стрит-воркаут алаңын салу жоспарланып, оның қазірге дейін жетеуі халық игілігіне берілді.