Шалғай ауылдар ауыз судан тарықпайды

Шалғай ауылдар ауыз судан тарықпайды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұлықтау рәсімінде өзінің ең алғашқы Жарлығын ауылды дамытуға арнаған болатын. «Мен сайлауалды сөздерімде ауылды өркендету ісіне баса назар аудардым. Бүгінде Қазақстан халқының 40 пайызға жуығы ауылда тұрады. «Ауыл – ел бесігі» деп халқымыз бекер айтқан жоқ. Сондықтан, ауылдағы жағдайды жақсарта алмасақ – бәрімізге сын. Сол үшін мен бүгін ауылды дамыту мәселесі туралы Жарлыққа қол қоямын», – деді.

Сөйтіп Ұлттық экономика министрлігіне «Қазақстан Республикасының ауылдық аумақтарын дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған тұжырымдамасының» жобасын дайындауды тапсырған болатын. Бұл жоба бүгінде дайындалып, ол ел көлемінде жүзеге асырыла бастады.

Аудан әкімдігі тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Қайрат Жатқанбаевтың айтуынша, бүгінгі таңда аудандағы 49 елді мекеннің 36-сы таза ауыз сумен қамтылған. Ол таза ауыз сумен қамтылған елді мекендердің 73 пайызын құрап отыр. «Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық экономика құрылымында баса мән беріп отырғаны – халықты тұрғын үймен, таза ауыз сумен, көгілдір отынмен, жалпы ауыл тұрғындарының әлеуметтік жағдайын көтеру. Яғни, мұның барлығы құрылыс саласымен байланысты екені белгілі. Бұл саланың ауқымы кең. Ол барлық салада айрықша басымдыққа ие. Осы бағытта қабылданған мемлекеттік бағдарламалар мен жобалар бүгінде ауданда табысты жүзеге асырылуда. Соның нәтижесі бұған дейін таза ауыз су құбыры тартылған Дарбаза, Жылыбұлақ, Қызыларық, Қарасаз, Жүрінбай, Алатау, Теріс пен Нұрлыкент елді мекендерден көрініс тауып отыр» дейді бөлім басшысы.

Жалпы, биыл аудандағы Кәріқорған, Тасбастау, Бәйтерек ауылдарында таза ауыз су құбырының құрылыс жұмыстары өз жалғасын табуда. Ол елді мекендердегі құрылыс жұмыстары өткен жылы басталған, биыл аяқталып, пайдалануға беріледі деп жоспарлануда. Бұдан бөлек, биыл Билікөл ауылдық округіне қарасты Абдықадыр елді мекенінде аула және халық санының аз болуына байланысты кешенді блок моделі орнатылуда.

– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арнаған Жолдауларында «Ақбұлақ» бағдарламасы аясында 2025 жылға дейін елімізде таза ауыз су мәселесін шешуді тапсырғаны белгілі. Яғни, алдағы үш жылда қалалар 100 пайыз, елді мекендер 80 пайызға дейін таза ауыз сумен қамтылуы тиіс. Жолдауда айтылған «Ақбұлақ» бағдарламасы да өңірде өз шешімін тауып, кезең-кезеңімен іске асырылуда. Қазіргі таңда таза ауыз сумен қамтылған ауданға қарасты елді мекендер саны едәуір артқан. Су – тіршілік көзі. Қоғамдағы барлық тіршілік салалары үшін су ресурстарының маңыздылығын айтып жатудың өзі артық. Елімізде осыдан 12 жыл бұрын басталған «Ақбұлақ» бағдарламасы соңғы үш-төрт жылдың көлемінде қарқын алды. Ол «Өңірлерді дамыту», «Бизнестің жол картасы – 2025» бағдарламалары және «Ауыл – ел бесігі» жобалары аясында жүзеге асырылуда, – дей келіп, Қайрат Жатқанбаев алдағы жылдары атқарылатын жұмыс жоспарымен бөліскен еді.

Оның айтуынша, биыл Түктібай мен Ақтөбе елді мекендеріне таза ауыз су құбырын жүргізу үшін тиісті жобалық-сметалық құжаттамалары дайындалды. Оның құрылыс жұмыстарын 2024 жылы бастау жоспарлануда.

Сонымен қатар, аула және халық саны аз 7 елді мекен тұрғындарын да таза ауыз сумен қамту көзделген. Атап айтқанда, Қызтоған, Көктас, Қарасу, Амансай, Күркіреусу, Қазбастау, Қаратас елді мекендеріне кешенді блок моделін (КБМ) орнатып, ондағы су құбырына ағымды жөндеу жұмыстарын жүргізу арқылы аталған елді мекендерді таза ауыз сумен қамту жоспарлануда. Оның ішінде Қызтоған, Қаратас ауылдарына облыстық бюджеттен қаражат қаралып, құрылыс жұмыстары басталып кетті.

– Жалпы 2023 жылдың қорытындысымен аудан бойынша 41 елді мекенді таза ауыз сумен қамту көзделуде. Бұдан бөлек, Б.Момышұлы, Қайрат, Көлбастау, Бақалы, Күреңбел ауылдарындағы ауыз су жүйесінің құрылысына және реконструкциялауға жобалық-сметалық құжаттары әзірленуде, – дейді аудан әкімдігі тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Қайрат Жатқанбаев.

 

Марат ҚҰЛИБАЕВ Жуалы ауданы
06.07.2023

Ұқсас жаңалықтар

АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 131
САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 55
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 169
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 51
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 165
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 44
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 131
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 275
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 279
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 492
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 451

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9150
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8548
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11776
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9543
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10756