Салғырттықтың салдары сан соқтырмасын

Салғырттықтың салдары сан соқтырмасын

Соңғы кездері көшеден жұмысына аса белсенділікпен, көтеріңкі көңіл күйде бара жатқан адамдарды көресіз бе? Таксиге отырсаң ашулы такси жүргізушілері, автобуста бір-біріне алара қараған, қит етсең ашуға булығып, «беттен алып, төске шабатын» адамдарды кездестіресің. Тіпті достарымыздың, туыстарымыз бен таныстарымыздың арасында «жұмысым маған ұнайды», «мен өз мамандығымды жақсы көремін» деген сөздерді де сирек еститін болдық. Бұған не себеп? Әрине, арамызда өз жұмысына аса жауапкершілікпен қарайтын, мамандығын сүйетін жандар да баршылық. Бірақ, көп емес.

Құрбыларымнан, достарымнан, тіпті әріптестерімнің арасынан «Мен бұл жұмыста уақытша жүрмін», «маған бұл жұмыс ұнамайды», «мен мұнда жалақы үшін ғана жүрмін, бірақ бұл жұмысты істегім келмейді» деп мұңын шағатындарды білемін. Әйтеуір көңіл толмаушылық басым.

Ал, осындай ойда жүретін қаншама мамандық иесінің жұмысқа деген салғырттықтарының кесірінен қоғамымыз дамымай, кері кетіп жатқаны айтпаса да түсінікті. Әсіресе, қателесуге болмайтын мамандық иелері саналатын дәрігерлердің арасында да осындай ой-пікір қалыптасқан болса ше? Күніміз не болмақ? Ойлаудың өзі қорқынышты.

Жақында облыстық аурханалардың біріне жаңадан тіркелдім. Кезек күтіп отырған кезде аурухананың ішінен түрлі оқиғаларды көріп, науқастармен әңгімелесу арқылы дәрігерлердің дөрекілігін, жұмысына деген немқұрайлылығын көріп, жағамды ұстадым.

Дәрігерлердің алдына келуші науқасқа дәріні жазып берудегі себебін дұрыс түсіндіре алмауы, ауру адам сұрақ қойса ғана жауап беріп, сұрақ қоймаса үнсіз қалуы, науқасқа деген жанашырлықтың болмауы.

Міне, дәрігерлердің арасындағы жұмысына деген осындай салғырттығын көргенде қатты қынжыласың.

«Жақсы сөз – жан азығы» демекші, жылы сөзбен де адам жанын тыныштандырып, ауруынан айықтыруға болады. Ал, бүгінде біраз ақ халаттыларымыз бұл тәмсілді ұмытқандай.

Кейбір дәрігерлердің салақтығының кесірінен қаншама адамның өліп кетіп жатқанын да естіп, көріп, біліп жүрміз. Ең өкініштісі сол.

Мәселен, ресми деректерге сүйенер болсақ, бір ғана 2018 жылы 84 медицина қызметкерінің үстінен қылмыстық іс қозғалып, 70-і жазаға тартылған. Дені операция кезінде бұрыс шешім қабылдап, ем-дом жүргізуде немқұрайлылық танытқан.

Жалпы, медицина қызметкерлерін жауапкершілікке тарту Қылмыстық кодексте қарастырылған. Өз қызметіне салғырт қарау бойынша Қылмыстық кодекстің 114-бабы бар.

«Азаматтардың конституциялық құқығына нұқсан келтіру» бойынша 144-бап, «Дәрігерлік құпияны жария ету» бабының 2-бөлімінде қылмыстық жауапкершілік қарастырылған. Сондай-ақ, Қылмыстық кодекс бойынша медицина мамандарына «абайламай өлтіріп алу» бойынша 101-бап бар.

Статистикаға сүйенсек, Қазақстанда жыл сайын медицина қызметкерлеріне қатысты Қылмыстық кодекстің 317-323-баптары бойынша 600-800 шамасында Қылмыстық, Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 80-бабы бойынша 300-ге жуық адам әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Заң бар, бірақ ол дәрігерлердің қателік жасауына тоқтам болып тұрған жоқ.

Бұл нені аңғартады? Неге адамдар осыншама салғырттыққа жол беріп жүр? Айналып келгенде, мамандық таңдаудан қателескенін байқата ма, әлде?

Ата-ана баласына ақыл айтқанда ең әуелі екі жағдайда, бірі – мамандық таңдау болса, екіншісі – жар таңдағанда қателеспеу керектігін ескертеді.
Салғырттықтың салдары сан соқтырмас үшін де мамандық таңдаудың алдында жақсылап ойланған абзал.

 

Мақпал СҮЙІНБАЙ
16.07.2023

Ұқсас жаңалықтар

АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 128
САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 54
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 166
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 50
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 162
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 43
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 128
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 272
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 276
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 489
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 448

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9144
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8542
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11771
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9536
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10750