Самат сыйақысын қайырымдылыққа жұмсамақ

Самат сыйақысын қайырымдылыққа жұмсамақ

 

    Грэпплингтен өткен әлем чемпионатында AIGA нұсқасы бойынша қазақстандық спортшы Самат Айтпанбет жеңімпаз атанып, 5 мың АҚШ доллары көлемінде қаржылай сыйақыға ие болды. Ол оны қайырымдылыққа жұмсауға шешім қабылдады. Спортшының жасаған қайырымдылық ісі туралы Алматыдағы балалар үйінің тәрбиеленушілеріне сыйлық беру барысында айтылды. Шараға Самат Айтпанбет пен армия генералы Сағадат Нұрмағамбетов атындағы «Sagadat batyr - QTT» клубының жаттықтырушысы қатысты. «Алдымен алғысымды өзімнің жаттықтырушым Нұрсұлтан Орынбасаровқа білдіремін. Мені үнемі қолдап, ақыл-кеңесін айтып жүреді. Осы кісінің арқасында мен таяуда Ыстанбұлда өткен әлем чемпионатында жеңімпаз атандым. Онда маған 5 мың АҚШ доллары көлемінде сыйақы берді, соның жартысын құрылтайшысы менің жаттықтырушым болып отырған қайырымдылық қорына бергім келеді», — деді грэпплингтен әлем чемпионы Самат Айтпанбет. Сондай-ақ, спортшы аталған қайырымдылық қордың әлеуметтік осал топқа жататын отбасылар мен ДЦП-ға (балалардың целебралды сал ауруы) шалдыққан және жетім балаларға үлкен қолдау көрсететінін айтып өтті. Сол сияқты қор қызметінің арқасында балалар үйінің тәрбиеленушілерінің джиу-джитсу және грэпплинг спортымен тегін айналысу мүмкіндігі туғанын жеткізді. Өз кезегінде спортшының жаттықтырушысы Нұрсұлтан Орынбасаров шәкіртіне игілікті ісі үшін алғысын айтып, спортта үнемі жеңістің шыңында көрінуіне тілектістік танытты.

Ермек Сахариев
03.11.2021

Ұқсас жаңалықтар

БАЛА ӨЛІМІНЕ БЕЙ-ЖАЙ ҚАРАУ – БОЛАШАҚҚА ОПАСЫЗДЫҚ ЖАСАУ
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері - 26.09.2025 353
22 ЖЫЛДЫҚ ТАРИХЫ БАР ЖИЫН НЕСІМЕН ҚҰНДЫ?
Нағашыбай Қабылбек - 25.09.2025 342
Бас жоспар   жарты млн тұрғынға арналған
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы (Облыс әкімінің баспасөз қызметінің мәліметі негізінде дайындалды) - 25.09.2025 201
Пәкістаннан пана таппаған қазақтар
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 25.09.2025 498

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 18257
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 18115
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 33305
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 31857
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 35578