
Бүгін Елордада Ұлттық академиялық кітапханада белгілі жазушы Еркінбай Әкімқұловтың » Шәмші Қалдаяқов-ән патшасы» деген роман- эссесінің жаңа шығарылымының таныстырылымы болды.
Мемлекеттік бағдарламамен «Өнер» баспасынан 3 мың тиражбен шыққан.
2012 жылы шыққанда халықтың бұл кітапқа сұранысы өте қатты болған еді.

Басқосуды Мәжіліс депутаты, мемлекет қайраткері Дархан Мыңбай жүргізді.
Қуаныш Сұлтанов, Сауытбек Абдрахманов, Көпен Әмірбек тәрізді танымал қаламгерлер қызықты естеліктер айтты.
















