Коронавирустың Омикрон нұсқасының инфекция- сы көбеюіне байланысты Қытайдың ірі қаласы Шан- хайда қатаң режимдегі карантин шаралары енгізіліп жатыр. Қазір 26 миллион тұрғыны бар алып қала- да локдаун. Барлық салада жүріс-тұрысқа қатаң тыйым салынып, тұрғындарға жаппай антиген және нуклейн қышқылы сынамаларын алу
жүргізіліп жатыр.
Қазіргі таңда Шанхайдағы сауда, қаржы,
авиация және порттық логистикалық ор- талықтар түгелдей жабылып, күнделікті жүріс-тұрысқа қатты тосқауыл қойылған. Медициналық көмек және басқа да қолдау қызметкерлері қала бойынша азаматтардан сынама алу және оқ- шаулаумен айналысуда. Қалада арнайы тағайындалған қызмет- керлер тұрғындарға көкөністер мен азық-түліктің өзге де түр- лерін жеткізіп беріп жатыр. Алайда әлеуметтік желілер- де көптеген адамдар ка- рантиндік орталықтар- дағы қатаң шектеулерге, азық-түлікпен қамта- масыз етудің ойдағы- дай болмауы және нашар гигиеналық жағдайларға қара- та наразылықта- рын білдірген жазбалар кө-
Қала билігі қолға алынып жатқан бұл шаралардың мақсаты – «қауіпті нүктелерді толығымен жою, таралу тізбегін үзу, індеттің таралуын мүмкіндігінше тезірек ауыздықтау және әлеуметтік аспектілерді тез арада ди- намикалық тазартуды жүзеге асыру», – екенін хабар- лады.
Шанхайда науқастардың көбеюіне байланысты 28 наурыздан бастап қаладағы Пудун қатарлы бірнеше ауданда карантин енгізілген еді. Арада бірнеше күн өтпей жатып, тұтас қала локдаунға жабылды. Қытай БАҚ-тарында таралған хабарларда, анықталған на- уқастардың көбі симптомсыз науқастар деседі. Соңғы деректерге қарағанда 1 сәуірде 6501 адам, 2 сәуір күні 7788 адам, 3 сәуір күнгі дерек бойынша 8581 адамнан індет байқалған. Жұқтырғандардың күн сайын артуы- на байланысты Шанхай қазіргі таңда коронавирустың ошағына айналды.
Қытайдың Ұлттық денсаулық сақтау комиссиясы 3 сәуір күні мәлімдеме жариялады. Онда 2 сәуір күні сағат 00:00-ден 24:00-ге дейін мемлекет бойынша 1,506 жаңа расталған жағдай тіркелгендігін, науқастардың жалпы саны 13 мыңнан асып, өткен жылдан бері ең жоғары деңгейге жеткендігін хабарлады.
Коронавирус Шанхайға жақын қалалардан да бай- қалып жатыр. 2 сәуір күні Сужоу қаласында Омикрон- ның жаңа нұсқасы белгілі болды. Ғалымдар «BA.1.1 эволюциялық нұсқасы» деп атаған бұл вирус түрі COVID-19 анықталғалы бері еш жерде тіркелмеген екен.
Қазір Шанхай қаласындағы Пудун ауданындағы ха- лықаралық көрме орталығы уақытша емдеу орталығы етіп құрылды. Онда 15000-ға тарта төсек қойылып, науқастарды орналастырып жатыр. Мамандар кезек- тегі жағдай жөнінде, кезіндегі Уханьмен салыстырған- да қазір Шанхайда індетке шалдығушылар саны көп болғанымен аурудың салмағы ол кездегіден жеңіл өтіп жатыр деп тұжырым жасап жатыр.