«Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі «Шапағат» өнертапқыштық саласындағы республикалық конкурсы өтті. Шапағат байқауы ғылыми жобалар мен өнертапқыштар үшін таптырмас мүмкіндік.
Осы жылы байқау 18-ші рет өтуде.Бұл уақыт аралығында бұл нағыз таланттар үшін ең үлкен мерекеге айналды.
Байқаудың мақсаты – қазақстандық ғалымдардың өнертапқыштық қызметін және отандық кәсіпорындардың көрнекті жетістіктерін қолдау және ынталандыру болатын. Байқауға жалпы «Жыл өнертабысы», «Өнертапқыш әйел» және «Жас өнертапқыш» номинацияларына 2022 жылы берілген өнертабыстарға жарамды патенттері бар Қазақстан Республикасының патент иелері қатысады.
Ғылым саласы: өрт қауіпсіздігі және ақпараттық технологиялар.Сонымен қатар, өскелең ұрпақты инновациялық технологияларды дамытуға ынталандыру мақсатында «Жас талант» номинациясы бойынша жас ғалымдарға «Өнертапқыштық саласындағы инновациялық жобалары үшін» бес диплом берілді. Байқау аясында бақ сынасқан мектебіміздің оқушысы НЗМ Тараз Керимкулова Адия 10 сынып оқушысы ынталандыру дипломымен марапатталды.
Байқау барысында «Ecoinstal автоматтандырылған өнеркәсіптік газ жұтқышы жаһандық жылыну мәселесінің шешімі болып табылады. Бұл қондырғы автоматтандырылғандықтан және одан кейін қалдық қалмайтындықтан нарықта бұрыннан бар қондырғылардан айтарлықтай жоғары.Мен көп тәжірибе алдым және болашақта жобаны дамытамын»- дейді оқушымыз Адия К. Байқау ғылыми жобалар үшін көптеген мүмкіндіктерге жол ашты.