Сапалы білім беру

Сапалы білім беру

Сапалы білім беру – өркениетті ел болудың кепілі                      Биыл білім саласы қызметкерлерінің дәстүрлі тамыз кеңесі «Әділетті Қазақстан: сапалы білім, адал ұрпақ, табысты ұлт» тақырыбымен Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмалары аясында «Бір өңір – бір бағыт» 20 тақырыптық бағытта ұйымдастырылды.

 

«Баласағұн» орталық концерт залында өткен жиынға 150- ге жуық білім саласының қызметкерлері яғни, Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің өкілдері, еліміздің әр өңірінен білім саласының қызметкерлері, өңірдегі құқық қорғау және мемлекеттік органдардың, білім ұйымдарының басшылары, кәсіподақ ұйымының өкілдері офлайн және онлайн режимінде қатысты.

 

Әуелі теле-көпір арқылы сессияның ресми бөлігі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтауымен ашылды.

 

Президент құттықтауын Премьер-Министрдің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова оқып берді.

 

«Сіздерді білім саласы қызметкерлерінің республикалық тамыз кеңесінің басталуымен шын жүректен құттықтаймын. Жаңа оқу жылы қарсаңында педагог мамандардың басын қосып, өскелең ұрпаққа білім, тәрбие беру мәселесіне қатысты алқалы жиын өткізу игі дәстүрге айналды. Бұл – еліміздің болашағына ықпал ететін маңызды басқосу. Сапалы білім беру бәсекеге қабілетті, өркениетті ел болудың кепілі. Адамзат тарихындағы жетістіктің барлығы ілім, ғылымның жемісі екендігі сөзсіз. Сауатты ұрпақ өсіру арқылы ғана ұлттың жаңа сапасын қалыптастыра аламыз. Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы «Мектептің жаны мұғалім, мұғалім қандай болса, мектебі һәм сондай болмақшы», деген. Еліміздің ертеңі жас ұрпақтың білімді, еңбекқор әрі отаншыл болуына байланысты», – делінген Мемлекет басшысының құттықтауында.

 

Сондай-ақ, Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев та жаңа оқу жылындағы жаңалықтар мен өзгерістерге тоқталып өтті.

 

Бұдан соң, облыс әкімі Нұржан Нұржігітов шараның маңыздылығын баса айтып, облыстың білім саласындағы жетістіктері мен атқарылып жатқан жұмыстарды қысқаша баяндады.

 

– Өңірдегі білім беру саласы түрлі бағыттарда дамып келеді. Ең алдымен, жыл сайын қаржыландырудың оң динамикасы облыстың білім беру жүйесін дамытудың негізгі көрсеткіштерінің жақсаруына мүмкіндік берді.

 

Білім саласында өзінің ерекшеліктерімен әлемдік деңгейде мойындалған бірнеше халықаралық жобалар бар. Соның ішінде, білім жүйесіндегі танымал сарапшылардың баға беруі бойынша объективті тәуелсіз бағалау жүйесі TIMSS, PISA, PIRLS, ICILS халықаралық зерттеулері болып табылады. Осы зерттеулердің нәтижелері бойынша Жамбыл облысы оқушыларының республикадағы көрсеткіштері жоғары деңгейден көрінуде.

 

Облыстағы орта білім берудегі тәрбие, оқыту үрдістерін дамыту, оқыту сапасын жақсартуға байланысты консультативтік-кеңесші органы, Директорлар кеңесі, «Ұлағат» педагогтер ассоциациясы құрылды.

 

Оқу-ағарту министрлігі тарапынан білім басқармалары қызметіне жүргізілген кешенді мониторинг нәтижелері бойынша облыстағы оқу-әдістемелік орталығының іс-тәжірибесі республика көлемінде таратылады. Сондай-ақ, балалардың құқықтарын қорғау бойынша да өңірдің оң тәжірибесі республикаға ұсынылды.

 

Аталған жетістіктер облыс мұғалімдерінің шығармашылық әлеуетінің жоғары екендігін тағы дәлелдеп отыр, – деді Нұржан Нұржігітов.

 

Оқу-ағарту министрлігінің Білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының орынбасары Майра Мелдебекова «Білім беру сапасын қамтамасыз етудің ұлттық жүйесін дамыту туралы», Нидерланды, Апелдорн қаласы, Голландиялық сараптама және сертификаттау ғылыми орталығының директоры Арнольд Дж. Бауэр «RCEC (рси-иси) жүйесі бойынша білім беру сапасын бағалау құралдарын аккредиттеу», «Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев «Ұлттық бірыңғай тестілеудің тақырыптық талдауы білім беру сапасының сыртқы бағалау жүйесі құралдарының бірі», «Назарбаев Зияткерлік мектебі» дербес білім беру ұйымы басқарма төрағасының орынбасары Айдана Шилібекова «Білім алушылардың білімін критериалды бағалау туралы» тақырыптарында баяндама жасады.

 

Жамбыл облысының дарынды оқушылары биыл халықаралық, республикалық олимпиадалар мен ғылыми жарыстарда 343 медальді иеленді. Республикалық ғылыми жобалар жарысында облыс командасы 14-ші жыл қатарынан «Ең үздік команда» атағын жеңіп алды. Ал, Республикалық олимпиадада қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша І орынды иеленген.

 

Бұл туралы білім саласы қызметкерлерінің республикалық тамыз кеңесінің бірыңғай пленарлық панельдік сессиясының облыстық жиыны барысында айтылды.

Құралай СЕЙСЕНБЕКҚЫЗЫ.
27.08.2023

Ұқсас жаңалықтар

АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 141
САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 58
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 178
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 54
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 175
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 47
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 141
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 285
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 287
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 503
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 461

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9159
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8557
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11784
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9552
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10765