Сара Есова — қазақ әдебиетінің көрнекті тұлғаларының бірі. Сара Сәтбайқызы Есова (1903-1984), мұғалім, қоғам қайраткері, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері. Комсомол және партия қызметкері, қоғам қайраткері, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, «Әйел теңдігі» (қазіргі «Қазақстан әйелдері») журналының алғашқы редакторы, кітапханашы, журналист. Сара Сәтбайқызы Есова 1903 жылы Қызылорда облысы Тереңөзек ауданы, Қара шеңгел ауылында кедей шаруа отбасында дүниеге келген. Ол өзінің шығармашылығында қазақ халқының мәдениеті, тарихы және ұлттық құндылықтарын терең зерттеп, шығармалары арқылы оқырмандарға жеткізген. Сараның поэзиясы мен прозасы халықтың рухани әлемін, өмір сүру салтын, дәстүрлерін шеберлікпен суреттейді. 1919 жылы Орынбордағы педагогикалық курсты бітіріп, бастауыш сыныптар оқытушысы мамандығын алғаннан кейін еңбек жолын Ақмешіттегі қазақ-татар мектебінде тарих және география пәндерінен дәріс берумен бастады. Ұстаздық қызметін атқара жүріп, комсомол қатарына өтіп, халық арасында мәдени- ағарту жұмыстарын жүргізді.
Сара Есова комсомолдар А.Оразбаева, Н.Арықова, М.Бегалиевалармен бірге қазақ әйелдеріне арналған сауатсыздықты жою мектебін ұйымдастырушы болды. 1920 жылы С.Есова уездік атқару комитетіне мүше болып сайланды. Осы жылы коммунистік партия қатарына өткеннен кейін уездік партия ұйымында белсене қызмет етті. 1921-1922 жылдары жауапты партия, комсомол қызметін атқарған. 1921 жылы Ресей комсомол жастарының 4 съезіне Ғани Мұратбаев
Бастаған құрамында комсомол Ғ.Мұратбаевпен қызметтес болып, одан көп ақыл-кеңес алып отырған.
1922 жылдың күзінде Түркістан Компартиясы Орталық комитеті Алматы қаласына, Жетісу облыстық партия комитетіне қызметке жібереді. 1922—1925 жылдары Жетісу губерниясы партия комитетінің органы «Тілші» газетінің редакторы, 1925—1932 жылдары Қазақстан өлкелік партия комитетінің әйелдер бөлімінде нұсқаушы,
1925-1932 жылдары «Әйел теңдігі» (қазіргі «Қазақстан әйелдері») журналының алғашқы редакторы болады, осы жұмысымен бірге Қазақ КСР Халық ағарту комиссариатындағы саяси ағарту басқармасы бастығының орынбасары қызметін қоса атқарады.
1929 жылы Халық ағарту қызметкерлерінің республикалық кәсіподақ комитетінің төрайымы болды. Осы
С.Сейфуллин Сәтбайқызына
«Вагон терезесінен» атты өлең шығарған.
Ақын өшпес өмірдің тұлғасын лирикалық сөзбен жырлайды, Сара сияқты қоғам өміріне белсене араласқан білімді әйелдердің жемісті істеріне Сәкен қуанатын, оларды барынша қолдайтын.
Барлық саяси тұтқындардың әйелдері сияқты С.Есова да «халық жауының әйелі» деген жаламен 1938 жылы 9 маусымда тұтқындалып, партия қатарынан шығарылады. С.Есовамен жақсы араласқан, оны құрметтейтін Н.К.Крупская Сталиннің қабылдауында болып, «күйеуі үшін әйелі жауап бермейді» деп Сараны абақтыдан алып шықты. 9 ай тұтқында болған С.Есова тергеу материалдарының дәлелдеу жеткіліксіздігінен 1939 жылы босатылады. Босатылғаннан кейін жұмыстан шеттетіліп, 1941 жылға дейін Орталық мемлекеттік мұражайда аға ғылыми қызметкер және тарихи-революциялық бөлім меңгерушісі болып жұмыс істейді. 1942-1944 жылдары Сара Сәтбайқызы Орталық Азия мен Қазақстан жер бөлімдері одағының Бүкілодақтық Кәсіподақтарының Орталық Кеңесі ұйымдастыру бюросының мәдени-бұқаралық бөлімінің меңгерушісі қызметтерін атқарды.
1945 жылы КСРО Жоғарғы Кеңесі С.Есованы 1941-1945 жж . Ұлы Отан соғысындағы ерен еңбегі үшін медалімен» марапаттады.
1945-1948 жылдары С.Есова Орталық мемлекеттік мұражай директорының ғылыми бөлімі жөніндегі орынбасары, 1948-1954 жылдары Қазақ КСР мемлекеттік кітап палатасы директорының ғылыми бөлімі жөніндегі орынбасары болды. 1954-1956 жылдары А.С.Пушкин атындағы
Мемлекеттік көпшілік кітапханасының сирек кітаптар мен қолжазбалар бөлімінде бас библиограф ретінде қызмет істеп, кеңес дәуіріне дейін жарыққа шыққан қазақ кітаптары туралы шежірені құрастыруға қатысқан.
1956 жылдан 1973 жылға дейін 17 жыл Орталық мемлекеттік мұражай директоры болды. Осы жұмыста жүріп С.Есова мұражайға көптеген құнды мемориалдық заттар, бұйымдар, экспонаттар жинады.
1956 жылы саяси қуғын-сүргін құрбандары ақталып жатқан кезде С.Есованың арызы негізінде ұзақ тексерістен кейін, ісі қайта қарастырылып, күйеуі Ораз Исаев ақталады.
1959 жылы КСРО Жоғарғы Кеңесі С.Есованың көп жылғы еңбегін бағалап «Құрмет Белгісі» орденімен марапаттады.
1980 жылы Сара Сәтбайқызы А.С.Пушкин атындағы республикалық кітапханаға қызметке қайта оралғанда, қазақ тіліндегі кітаптарға библиографиялық анықтамалықтар шығарумен айналысты. Сараның шығармашылығы тек әдебиетпен шектелмей, қоғамдық мәселелерге де көңіл бөлген. Ол әйелдердің құқықтары мен теңдігі, білім алудың маңыздылығы туралы да жазған. Оның еңбектері жастарға, әсіресе, қыздарға үлгі болып, оларды өз мүмкіндіктерін жүзеге асыруға шабыттандырады. Сара Есованың шығармалары бүгінгі күні де өзектілігін жоғалтпай, жаңа ұрпаққа рухани азық болып табылады. Оның әдеби мұрасы қазақ әдебиетінің байлығын арттырып, ұлттық сана-сезімді қалыптастыруда маңызды рөл атқарады.
Тұран” университетінің ‘’Журналистика’’ мамандығының 4- курс студенті: Назерке Зайфун