Жазушы-публицист, Марат Байділдаұлы (Тоқашбаев): ТҰРАҚТЫЛЫҚ ТЕТІГІ

Жазушы-публицист, Марат Байділдаұлы (Тоқашбаев):  ТҰРАҚТЫЛЫҚ ТЕТІГІ
Биыл Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы құрылуының 35 жылдық мерейлі мерекесі аталып өтіліп жатыр. Бұл шын мәнінде қоғамдық бірлестік үшін елеулі кезең болды. Алғаш құрылған кезде «Қазақтар өздері жеке діни басқарма болуы, оның жұмысын алып кетуі екіталай, өйткені сауатты мамандары жоқ, кітаптары жоқ, мешіттері жоқтың қасында, күндердің күнінде Орта Азия мұсылмандары діни басқармасына қайтып оралар» деген де пікірлер айтылған. Алайда арада өткен 35 жыл қазақтардың дін істерін өздері-ақ шырқ үйіріп, күрделі проблемалардың бәрін шешіп, ҚМДБ Орталық Азиядағы беделді діни құрылымдардың қатарына қосылды. Құран Кәрімде, Әли Имран сүресінің 103-аятында: «Алла тартқан желіден (діннен) бекем ұстап айырылмаңдар»,–дейді ғой. Қазақстан мұсылмандары өз ұстанымдарымен Алла жолына қызмет етіп келеді. Әрине, кеңестік атеистік қоғамды Алласын таныған бүгінгі рухани қоғамға айналдыру оңайға түскен жоқ.
Қазақстан мұсылмандары бөлініп өз алдына жеке муфтилік құрған кезінде елімізде небары 56 мешіт қана болса бүгінде ауызбіршіліктің арқасында мешіттер саны 3000-ға жуықтады. Барлық мешіттер бір орталыққа бағынған.
Кеңестік кезеңде мұсылмандарға арналған бірде бір ресми медресе болмаса, бүгінде елімізде 9 медресе-колледж, Республикалық Имамдардың білімін жетілдіру Ислам Институты, Нұр-Мүбәрак Египет ислам мәдениеті университеті, «Қауам ад-Дин әл-Итқани әл-Фараби әт-Түркістани» республикалық қарилар дайындау орталығы,
Казислам порталы жұмыс істеп тұр. Шетелде білім алған азаматтар үшін қайта даярлау бағдарламалары енгізілді. Өйткені әр елдің білім стандарттары әр қилы, бағдарламалары бөлек. Оларды Қазақстан ұстанымдарына үйлестіру, бағдарламаларына кіріктіру маңызды. Яғни бұл маңызды мәселе де оңды шешімін тапқан.
Қоғамдық бірлестіктің қызметі туралы айтқанда Діни басқарманың Қазақстанның тәуелсіздігін нығайтуға қосқан өлшеусіз үлесін айырықша атап өткен жөн. Біз еліміздегі рухани келісім мен тұрақтылықты айтып мақтанатын болсақ, сөз жоқ, бұл тыныштықты ту еткен Қазақстан мұсылмандарының арқасы, оның діни басқармасының дұрыс саясат ұстануының, жұмысын білгірлікпен ұйымдастыруының арқасы. Шын мәнінде мүфтият – тұрақтылық тетігі. Деструктивті ағым мүшелерімен жеке-жеке жұмыс жасап олардың бетін дұрыс бағытқа бұруда да қаншама жұмыс жасалды. Имамдар келіспеушіліктері ұлғайып, жанжалдары талаққа дейін жеткен 500-ден астам ерлі-зайыптыларды түсіністікке шақырып некелерін сақтап қалуына көмектесті. Діни басқарма қоғамға дұрыс рухани жетекшілік жасап отырғанына зиялы қауым – куә.
Сондай-ақ Қазақстанда тілге байланысты конституциялық норманы сақтап отырған, төменнен жоғарыға дейін, Батыстан Шығысқа дейін, оңтүстіктен солтүстікке дейін мемлекеттік тілде жұмыс істейтін бірден бір республикалық мекеме – Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы. Мемлекеттік тілге құрметтің нақты көрінісі осы!
Қазақстандағы қазақ халқының саны бүгінде 75-78 пайызға жетті. Елдегі мұсылмандар 80 пайызға жуықтады. «Бірігуде, бірлік пен ынтымақта мейірім бар, ал бөлінуде Аллаһтың азабы бар» делінген бір хадисте. Осынау мерзімде діни басқарма бірде бір рет діни алауыздыққа жол берген емес.
Мүфтият үнемі мейірімділік пен қайырымдылық жалауын биік көтеріп келеді. Жұрттың қайырымдылық көмегін ұйымдастыру арқасында «Ел үлесі – пәтерге!» жобасы бойынша соңғы жылдарда ғана аса мұқтаж отбасыларына 900-ге тарта баспана берілді. «Тайқазан» жобасы бойынша аса мұқтаж 100 мыңға тарта отбасына азық-түлікпен қайырымдылық жәрдем жасалды. «Өмірге үміт сыйла!» жобасымен 14 мыңдай мүгедек балаға көмек берілді. Салынып жатқан қаншама діни медреселер, жатақханалар, мешіт құрылыстары бар! Солардың бәрі мемлекеттен бір тиын қаражат алмай көпшіліктің көмегімен, иманды азаматтардың қолдауымен салынып жатыр
Бұл айтқандарымыздан Діни басқарма барлық проблеманы шешіп қойды деген ұғым тумау керек. Шешімін күткен мәселелер әлі де баршылық. Жыл сайын кемінде 300-400 түлек жоғары діни білім алып шығады. Бірқатары жақсы жалақы іздеп басқа салаға, немесе бизнеске кетіп жатады. Яғни жастардың өз мамандығы бойынша жұмыс істеуіне мүмкінідік жасау, кадрларды тұрақтандыру, олардың тұрмыстық мәселелерін шешу, лайықты жалақы күн тәртібінде тұр.
Діни басқарма бүгінде заңды жолмен сайланған Төрағасы – Бас мүфтиі бар, Ақылдастар алқасы, Қамқорлар кеңесі, Жастар кеңесі, басқарма төралқасы және оннан астам бөлімдері, барлық облыстар мен республикалық бағыныстағы мегаполистерде филиалдары толыққанды жұмыс істеп тұрған үлкен құрылым. Жұмыстары да саналуан. Діни басқарманың Munara деген өз телеранасы, «Мүфтият» атты өз баспасы бар. Тек соңғы бір-екі жылда жарық көрген «Ихсан. Рухани тәрбие негізі», «Толық адам», «Иман негіздері» сияқты кітаптар мұсылман жамағаты іздеп жүріп оқитын кітаптарға айналды. Тұрақты түрде шығып келе жатқан «Пәтуалар жинағы» да көпшіліктің көкейіндегі көптеген сұрақтарға нақты жауаптар береді.
Қоғамдық бірлестік яғни мүфтият дәстүрлі ислам дінімізді насихаттап, мұсылман жамағатының діни мәселелерін шешуде, қоғамның бірлігі мен тұтастығын дамытуда жаңа биіктерге жете беретініне кәміл сенемін!
08.12.2025

Ұқсас жаңалықтар

Ымырт ерте үйірілетін өлке
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 28.11.2025 470
«Ұлттық баспасөзге  деген сенім мен құрмет үзілмесін!» деген ел Президентінің пәрменін аяққа таптаған кім?
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері - 28.11.2025 470

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 20790
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 20574
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 35690
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 34227
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 38102